ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН “АУЫЛ АМАНАТЫ” ЖОБАСЫМЕН ЖИҺАЗ ЦЕХЫН АШҚАН

Өңірде жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Салада жаңа кәсіпорындар көптеп ашылып, өндіріс ошақтарының отандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі арта түсуде. Ел көлемінде тұрғын үй құрылысы жылдан-жылға белсенді жүргізілуіне байланысты оның негізгі жабдығы – жиһаз өнімдеріне деген сұраныс та жоғары болып отыр. Ордабасылық тұрғын Әлпейіс Арысбек «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық несие алып, жиһаз цехын ашқан. Кәсіпкер 6 800 000 теңге несие алып, керекті құрал-жабдықтарын сатып алған. Оның айтуынша, қазіргі таңда классикалық заманауи жиһаздарға сұраныс жоғары. Алдағы уақытта өнімдерін шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

2023 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама шеңберінде 75,5 млрд теңгеге 12,2 мың шағын несие берілді, 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.  Инфографикада Түркістан облысында іске қосылған жобалар ұсынылған. Өңірде өткен жылдың қорытындысы бойынша 19,8 млрд теңгеге 3 256 жоба қаржыландырылды, 3 413 жұмыс орны құрылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдың 12 қазанында Үкімет «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын бекіту туралы қаулы қабылдады. Аталмыш жобаның басты мақсаты – тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жағдайды жақсарту, оңтайлы көлік байланысын қамтамасыз ету, көліктік-транзиттік әлеуетті арттыру, сондай-ақ халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.

Жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жоғары. Жоба аясында республикалық маңызы бар қалалардың жалпы өңірлік өнімін жыл сайын 3,9%-ға, сонымен қоса транзиттік жүк легін 22,7-ден 30 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Жоба толықтай жүзеге асқан жағдайда Қазақстан ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Инфрақұрылым» көрсеткішін 62-ден 49-ға, дүниежүзілік банк рейтингінде «Логистика тиімділігі» көрсеткішін (LPI) 71-ден 50-ге дейін жақсартатыны болжанған. Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін 2021–2025 жылдарға 7 567 408 245,0 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 4 022 143 962,0 мың теңге республикалық бюджеттен, 785 759 418,8 мың теңге жергілікті бюджеттен. Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат – 2 759 504 864,2 мың теңге.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бұған дейін қабылданған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту, «Өңірлерді дамыту» секілді мемлекеттік бағдарламалардың басын біріктіргенін айта кетуіміз керек. Аталмыш жоба еліміздің өзге аймақтарындағы секілді түркістандық азаматтарды тұрғын үймен, жылу және ауыз сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Сондай-ақ көлік қатынастары жолға қойылып, шағын және орта бизнесті қолдау, азаматтарды жұмыспен қамту арқылы қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға жол ашып отыр. Халықтың сапалы әрі жайлы тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру – жобаның басты мақсаттарының бірі. Өйткені, соңғы жылдары Түркістан халқының саны күн санап артып келеді. Ал бұл өз кезегінде баспана мәселесін туындатуда. Бүгінгі таңда 50 мыңға жуық отбасы үй кезегінде тұр.

Ұлттық жобаны іске асыру үшін көзделген жоспарға сәйкес барлық жұмыстарды жүргізу. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жобада көзделген стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізу. Тиісінше, тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын құруға атсалысу.

Түркістан облысында 2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» жүзеге асыру мақсатында 57 056 (47,5%) жас жұмыспен қамтуға жолданды. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орындарына 23 407 жас, яғни 43%-ы орналасты.

Елімізде мемлекеттік қолдау аясында кәсібін дөңгелетіп отырған жандар қатары көбеюде. «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған, несиелер биылғы жылдан бастап беріле бастады. Жоба аясында қандай жеңілдік¬тер қарастырылған? Бағдарлама бо¬йынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сон¬дай-ақ техниканы лизингке рәсімдеу¬ге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие/шағын несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша – 7 жылға дейін. Несиенің, шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңна¬ма бойынша айқындалады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Мұндай несиенің халыққа пайдалы екендігі сөзсіз. Мәселен, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банк¬тен мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие – өте тиімді. Ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – үлкен мүмкіндік. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.

Қаражатты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, зей¬неткерлік жасқа толмаған жұмыс¬керлер, жеке кәсіпкер ретінде тауарлар¬ды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөнін¬дегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, қосалқы шаруа-шылықтың мүшелері, табысы ең төменгі күн¬көріс деңгейінен төмен өндіріс¬тік коопе-ративтердің мүшелері ала алады.

Шағын несие алу үшін өтінім беруші жеке кәсіпкер болып тіркелуі керек. Сондай-ақ салық органдарында тіркеудің болуы, басқа несиелер бойынша мерзімі өт¬кен жарнаның, мемлекеттік кірістер ор¬ган¬дарында берешектің болмауы талап етіледі.

Несие алушыда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, қора және басқа да қажетті жағдайлардың болуы шарт, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру және жоба аясындағы өндірген өнімін өндірістік коо¬перативке өткізу талап етіледі.

Жобаны іске асыруға 2023 жылы респуб¬ликалық бюджетте 52,4 млрд теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көздел¬ген. Бұл ретте жергілікті әкімдіктер қаражат¬қа қосымша қажеттілікті анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргіз¬ді. «Amanat» партиясы жанынан азамат¬тар мен әкімдерді әдіснамалық сүйеме¬лдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабыл¬дау және қаражатты бөлу үдерісінің монито¬рингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе құрылып, қызмет етті.

Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына назар аударар болсақ, ең бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтар¬ды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатқаны байқалады. Бұл ретте алынған өнімнің сапасын, салмағын арттыратын өңдеу саласына қатысты жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы секілді жобалар, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау және басқа бағыттағы бизнес жобаларды қаржыландыруға ерекше мән беріліп отыр.

Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен жергілікті әкімдіктеріне өтінім білдіруі қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіп¬кер¬лікті ашу арқылы халықтың табы¬сын арттыруға және азық-түлік қауіпсіз¬дігін қамтамасыз етуге септігі тиеді. Бағ¬дар¬ла¬мада уақыт шектеуі жоқ. Шартта көрсе¬тіл¬гендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғы¬лық¬ты азаматы болуы керек. Егер кепіл бол¬маған жағдайда туыстардың кепілін пай¬далануға болады. Шағын несиелер халық¬қа сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі. Қаржының мақсатты жұмсалуы қатты қадағаланатын болады.

Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектеседі.

Қашанда қағажу көріп жүретін ауыл тұрғындары жаңа жобаға үлкен үміт артып отыр. Қолынан іс келетін, дөң¬гелетіп отырған шаруасы бар көп¬теген кәсіпкер, фермерлер бұл бастамаға барынша мүдделілік танытуда. Олар қаржылай қолдау болса, ауыл-аймақта өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін шұғылданып келген шағын кәсіптерінің аясын кеңейтіп, талапқа сай дамыта алатынына бек сенімді.

Айта кетсек, 2023 жылы ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 4 ауылдық округте 6 бағытта жобалар жүзеге асқан. Жалпы саны 359 құжат өткізіліп, 261 жоба мақұлданған. Ал 2024 жылы аталған бағдарламаны 4 ауылдық округте АӨК құру арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, 478 адам жобаға қатысады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы