КРЕАТИВТІ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

21 просмотров

Түркістанда мәдениет қызметкерлеріне арналған «Креативтік шығармашылықты дамыту мәселелері» атты облыстық семинар-кеңес өтті.

Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға 300-ге жуық аудандық, қалалық, ауылдық мәдениет үйлері директорлары  мен клуб меңгерушілері қатысты.

Облыстық семинар-кеңестің мақсаты – заманауи, мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың жұмыс сапасын арттырып, креативті шығармашылықты дамытуға бағытталған.

Жиында Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров  жыл қорытындысын және ағымдағы жылдық жоспарды талқылады. Сондай-ақ мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыруды тапсырды. Мекеменің Халық шығармашылығын қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Асылхан Темірхан модеарторлық етті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдени тынығу және сахналық қызмет» кафедрасының аға оқытушысы Жұмабай Ләйлә Жұмабекқызы «Бұқаралық мерекелерді заман талабына сай ұйымдастырудағы режиссерлық шешімдердің ерекшеліктері» тақырыбында креативті идеялармен бөлісіп, жаңа мәдени іс-шаралар өткізу жайында ұсыныс білдірді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы Әуесбаев Ерлан Сатыбалдыұлы «Образды ойлау жүйесі — креативті идеялар бастауы» тақырыбында баяндама жүргізіп, іс-шаралардың заманауи ерекше форматта  өткізу жөнінде кеңінен тоқталып өтті. Семинар-кеңеске қатысушылар ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Орталық мамандарының әдістемелік нұсқаулық кітапшалар шығарып үлестіруді, осындай облыстық жылжымалы семинар-кеңестің аудандарда  ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда  өткізілсе деген пікір білдіріп, өз ұсыныстарын айтты.

Алдағы уақытта жылдық жоспарға сай, бұдан бөлек  түрлі тақырыптағы семинар-кеңестер өткізу жоспарда бар. Аудандық, қалалық, ауалдық мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру, халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту мен халық шығармашылығын дамыту бойынша және ауылдық мәдениет мекемелеріне қолдау көрсетіп, іс-тәжірибелерін насихаттау Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Облысық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы

Зағипа ӨМІРЗАҚОВА

Мадина Жұмаханқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.