ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТТАР ҚАБЫЛДАНДЫ

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан азаматтық қоғам құрудың барлық алғышартын қалыптастырды. Мемлекетіміз азаматтық қоғам құрудың өзектілігін ұдайы назарда ұстап келді. Сөйтіп, Қазақстан тәуелсіздік алғанда нәбәрі 100-дей ғана үкіметтік емес ұйым тіркелген болса, қазір олардың саны 22 мыңға жетті. Негізі, кез келген қоғам үшін «үшінші сектор» аталатын үкіметтік емес ұйымдардың қызметі маңызды саналады. Өйткені үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі әрі мемлекет пен халықтың арасын байланыстырушы тетік саналады. Осы орайда Түркістан қаласының тұрғындарына үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам тақырыбына даярлаған танымдық-ақпараттық мақаламызды ұсынып отырмыз. Шаһар тұрғындарының аталған ықпалды ұйымдар туралы толықтай білуі — олардың саяси және азаматтық бағытын айқындау мақсатында өз көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Мемлекет бірқатар мәселені осы ұйымдардың көмегімен шешеді. Содан да болар, азаматтық қоғамды дамытуға айрықша назар аударды. Тіпті, Тәуелсіздік алған жылдардан бері «үшінші сектор» сенімді серігі болды деуге де негіз бар. Үкіметтік емес ұйымдарға сенім артып, олардың дамуына қолдау білдірді. Соның нәтижесінде Тұңғыш Президентіміздің көптеген бастамасы «үшінші сектордың» қызметінің арқасында толық жүзеге асты. Мемлекет те әлеуметтік тапсырыстар көлемін арттырды. Тек 15 жылдың ішінде, атап айтқанда 2003-2018 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру 65 есе өсіп, 20 млрд теңгеге жеткен. Мұны «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында өткен VIII азаматтық форумның жалпы отырысында айтылған болатын. Тіпті, елімізде азаматтық форумдар ұйымдастыру бастамасы да көтеріліп, мұндай жиын алғаш рет 2003 жылы өткен-ді. Демек, Қазақстанды дамытуға ықпал ететін барлық тетікті қарастырып, азаматтық бастамалардың қоғамда лайықты орнын табуына ықпал етті. «Қазірде Қазақстан, басқа елдермен салыстырғанда, бір мезгілде демократияның, азаматтық қоғамның және мемлекеттің негізін қалап жатыр. Ал өзге елдерде демократия дамыған азаматтық қоғамның негізінде қалыптасқан болатын. Бұл жолда үкіметтік емес ұйымдардың атқарып жатқан еңбегі ерекше, олар елдің саяси мәдениетін көтеруге, либерал құндылықтар мен демократияны дамытуға көп еңбек сіңіріп жүр» деп атап өткен еді алғашқы форумда. Ал азаматтық қоғам өкілдері бастамаларын ұдайы қолдап келеді. «Азаматтық форумдар өзінің жеке еңбегімен, ел дамуының маңызды міндеттерін шешетін бастамаларымен қазақстандықтардың жалпыұлттық қозғалысын қалыптастырды. Азаматтық қоғамның рөлін арттыру – 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «үшінші сектордың» рөліне баға берген болатын. Уақыт сынында шыңдалған институт Жалпы, Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуын бірнеше кезеңге бөліп қарастырған дұрыс. Алғашқы кезең 1995 жылға дейінгі уақыт. Ол кезде елімізде мемлекеттік емес сектор қалыптасудың бастапқы кезеңін өткізді. Одан соң 2003 жыға қарай үкіметтік емес ұйымдар қалыптасып, белсенділік таныта бастады. Сол жылдары шетелдік гранттар арқылы дамуды көздеген ұйымдардың қарасы мол еді. Кейін, дәлірек айтқанда 2003 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта қоғамдық ұйымдар толық қалыптасу деңгейіне жетті. Осы жылдарда мемлекеттік «үшінші секторды» қолдауы да еселеп артты. Үкіметтік емес ұйымдардың қызмет бағыты да кеңейді. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың арасындағы байланыстар жүйеленіп, өз жемісін берді. Арнайы бағдарламалар қабылданды. Мәселен, Қазақстан Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі №154 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданған еді. Дегенмен Қазақстанда азаматтық секторды қалыптастыруда әлеуметтік бағыттағы ұйымдар белсенді әрекет етті. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, әйелдер мен бала құқын қорғау, құқықтық немесе ақпараттық сауатты арттыру, шетелден келген қандастарды бейімду сынды сан түрлі бағытта жұмыс жүргізілді. Мұны үшінші сектор өкілдері де қолдап отыр. «Үміт» қоғамдық қорының директоры Аманбике Ерғалиеваның сөзіне қарағанда, осы жылдар ішінде «үшінші сектор» табысты жұмыс істеп келеді. Мемлекеттің қолдауы да молая түсуде. «Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы үкіметтік емес ұйымдардың дамуы сөз жоқ, көңілімізден шығады. Құдайға шүкір, біз «үшінші секторда» табысты жұмыс істеп жатырмыз. Тікелей бас-көз болуының арқасында мемлекет те ұдайы көмектесіп келді. Қазір де бұл қолдау жалғасып жатыр. Әрбір үкіметтік емес ұйымның өзіндік бағыт-бағдары бар. Біздің қор да қатардан қалған жоқ. Біз қандай мәселе көтерсек те, атап айтқанда мүгедектердің құқы, оларды қолдау сияқты дүниелерді алға тартсақ, Үкімет оларды әрқашан шешіп келеді. Сонымен бірге мұндай ұйымдар алғаш құрылған кездермен салыстырғанда қазір көп өзгеріс бар. Технология жетістіктерін де пайдаланып келеміз. Мәселен, біз қордың мекенжайын ауыстырар кезде өтінішті кеңсемізден шықпай-ақ электронды түрде бердік. Ол қабылданды. Бір сөзбен айтқанда, осы жылдар ішінде «үшінші сектор» қарыштап дамыды. Ал қоғамның мұндай ұйымдар қызметіне көзқарасы жайлы сөз етер болсақ, өзімізге қатыстысын ғана айтайық, біздің ұйымның бағыты саналатын құлағы естімейтін азаматтармен жұмысқа олардың туыстары дән риза. Олар бізден қажет кезінде көмек алып, ұдайы байланыс орнатып жатады. Ал демеушілерге келетін болсақ, ол жағынан әлі де азды-көпті олқылықтар кездеседі. Сонымен бірге жұмыс берушілердің ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмысқа қабылдауы мәселесінде кенжелеп қалған тұстар бар. Бірақ уақыт өте келе бәрі реттелер деген пікірдемін», – дейді Аманбике Ерғалиева. Ал «Ұлт тағдыры» қоғамдық қорының төрағасы Дос Көшім болса азаматтық қоғам тек үкіметтік емес ұйымдардан құралмайтынын, бірақ қоғамдық ұйымдар мұндай қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын айтады. Әрі Тәуелсіздік жылдарына азаматтық қоғамды қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктер болғанын атап өтті. «Азаматтық қоғам Қазақстанда баяу дамып келеді. Бірақ азаматтардың белгілі бір мақсат-мүдде жолында топтасуы жақсы деңгейде. Тіпті, қаталеспесем, 1991 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң қабылданды. Бұл заң сол кездерде қабылданған сапалы құықтық құжаттардың бірі еді. Жалпы, Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар қызметіне назар аударсаңыз, Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда, әсіресе әлеуметтік бағыттағы ұйымдар өте жақсы дамыды. Бүгінде түрлі әлеуметтік топтың мүддесі қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар табысты жұмыс істеп келеді. Ал демократиялық процестерді жетілдіруге бағытталған ұйымдардың жұмысына қатысты олай айта алмас едім. Сонымен бірге қазақтілді үкіметтік емес ұйымдардың білігі мен дамуы әлі де көңіл көншітпейді», – дейді Дос Көшім. Әрине, дамыған елдер жүздеген жылда әрең қол жеткізген жетістіктер Қазақстанда отыз жыл ішінде мінсіз деңгейде орныға қалмағаны анық. Себебі азаматтық қоғам дегеннің өзі ұдайы жетіліп отыруды қажет етеді. Сондықтан заман талабы мен түрлі сын-қатер көбейген сайын «үшінші сектордың» фунциясы да құбыла бермек. Оған соңғы жылдардағы оқиғалар нақты дәлел. Айталық, былтыр коронавирус пандемиясы басталған кезде еріктілердің еңбегі ерен болды. Қазақстанда жастар және волонтерлер жылы белгіленіп, жастардың қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына ықпал ететін іс-шаралар ұйымдастырылды. Сөйтіп, қоғамда қайырымдылық жасау тренді қалыптасып келеді. Волонтерлер ұйымдары кей жағдайда тұтас құрылымдар орындай алмайтын міндеттерді сәтті атқарды. Ал 2019 жылдан бастап қоғамды демократияландыру үрдісі жүріп жатыр. Бұл сарапшы Дос Көшім айтқан олқылықтардың орнын толтырары сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да азаматтық қоғамның жетіле түсуіне, бұқараның қоғамдық-саяси белсенділігінің артуына ықпал етеді. Өйткені бұл тетіктер мемлекет пен халықтың арасындағы диалогті нығайтып келеді. Одан бөлек, «Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы» дайындалып жатыр. Қысқасы, Қазақстан азаттық алғаннан бергі жылдар ішінде азаматтық қоғам институттары қызметін дамытудың заңнамалық базасы да әзірленіп, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына түрлі мүмкіндік жасалды. Кәсіподақтар, қоғамдық кеңестер, қорлар мен бірлестіктер, мемлекеттік әлеуеттік тапсырыстар мен гранттар бөлу, бейбіт шерулер өткізу және басқа да мәселелерге қатысты заңнаманың жетілдірілуі сөзімізге айқын дәлел. Демек салмақты саясат Қазақстанда өзіндік сипаты бар азаматтық қоғам қалыптастыруға бастап келе жатыр.

Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының “Саяси партиялар туралы”, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” Заңдарынан, саяси партияларға арналған немесе саяси партиялар туралы нормативтік қағидалар енгізілген басқа да заң актілерінен тұрады. “Заң актілерін” кең мағынада түсінген жөн. Аталған санатқа Парламент, Президент қабылдаған заңдар, Президенттің заң күші бар жарлықтары сияқты, мемлекеттің жоғары органдарының заңға сәйкес актілері де жатады. Қазақстан Республикасының саяси партиялары туралы Заңы ааматтардың еркін бірігу жөніндегі конституциялық құқығын нақтылайды.Азаматтырадың заңға сәйкес саяси партияларға бірігу құқығы мынадай жағдайлардан тұрады. Қазақстан Республикасының азаматтары саяси партияларға еркін бірігу құқығы бар. Демек, азаматтар өз еркімен, қалауымен, өзінің саяс көзқарастары мен ұнатуларына қарай еркін, ешкімнің еш жақтан қысым көрсетуінсіз саяси партияларға кіре алады. Бірігуге мүмкіндік құқығы, сонымен бірге саяси партиялар қатарынан еркін шығу құқығын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматы тек бір партияға ғана мүше бола алады. Бұл қағида азаматтың саяси құқығын шектеуді білдірмейді. Мәселе мынада, әр саяси партия өзінің қызметін белгілі бір идеялық саяси көзқарасқа сүйеніп жүргізеді, сол бір идеяға сүйенген екі бірдей партия құрылмайды. Кейде партиялардыңидеялық көзқарастары қарама-қарсы болуы да мүмкін. Сондай-ақ партиялардың міндеттері мен көзқарастары ерекшеленеді. Мұндай жағдайда азамат өзінің аяси көзқарасын анықтап, бір партиянықалауы керек. Әр түрлі партияға бірдей мүше болу олардың қызметін, партиялар арасындағы, партия мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты күрделендіріп жібереді. Саяси партияның мүшесі болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз болмайды. Бұл саяси партияның мүшелікке қабылдау арқылы азаматты қандай да болсын құқығы мен бостандығынан айыра немесе шектей алмайтындығын білдіреді. Кез келген мемлекеттік органның, кез келген мемлекеттік ұйымның қайсыбір партияға мүше болғаны үшін азаматтың құқығы мен бостандығын шектеуге (жұмысқа, мемлекеттік қызметке қабылдаған кез келген емлекеттік емес ұйым азаматтың қанда да болсын бір партияға мүше екендігін сылтау етіп азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектей алмайды. Демек, саяси партияға мүшелігіне қарамастан азамат барлық құқықтар мен бостандықтардыпайдалана алады. Кез келген азамат өзінің қай партияға жататынын немесе жатпайтынын көрсетуге құқылы. Бұл – мейлінше демократиялық және гуманды құқықтық норма. Бір партияның үстемдігі жағдайында партиялылығы туралы көрсету міндеттелетін. Оның партия мүшесі үшін де, партияның өзі үшін де мәні болды. Сөйтіп, азамат өзінің саяси ізгі сипатын көрсету арқылы қызметі бойынша жоғарылауға үміттенетін. Ал партия үшін бұл партиялық номенклатураны қалыптастыру және қатардағы мүшелерін партиялық шараларға пайдалану үшін қажет болды. Заң мемлекет пен саяси партиялар арасындағы қатынасты белгілейді. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың кепілі қызметін атқарады.Бұл, мемлекеттің тиісті органдары, ең алдымен құқық қорғау органдары саяси партиялардың құықтары мен заңы мүдделерін қорғауға тиіс деген сөз. Мемлекет: үкіметтікін (билік басындағы)бола ма немесе оппозициядағыпартияны бола ма, оған қарамастан барлық партияны құруға тиіс. Өйткені барлық саяси партия заң алдында бірдей. Конституция мемлекеттің қоғамдық бірлестіктердіңжәне қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне заңсыз араласуына заңсыз жол берілмейтіндігі туралы қағиданы нақтылай келе, мемлекеттің саяси партиялардың ісіне заңсыз араласпауы туралы немесе керісінше баяндайды. Лауазымына, қызмет жағдайына қарамастан барлық азаматтар да (құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шек қойылған) саяси партияларға кіругі құқылы. Сонымен бірге заң мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттарына қатысты белгілі бір шектеулер белгілейді.Парламенттің депутаттары, Үкімет мүшелері саяси партияларда ақылы лауазымда болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлер, тіпті саяси партияның мүшесі болғанның өзінде, лауазымдық міндетін орындау кезінде заң талаптарын басшылыққа алуы және саяси партиялардың және олардың органдарының шешімдеріне қатыспауы тиіс. Мұндай шектеулер азаматтарға жүктелген лауазымның ерекшелігіне балансты. Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, басқа да мемлоекеттік қызметкерлерқай партияға жататындығына қарамастан барлық азаматтарға немесе олардың көпшілігіне қатысты қызметті атқарады. Сондықтан осындай қызметкерлер жалпы азаматтық мүдделерге нұқөсан келтіретіндей партиялық мүддеге басымдық бермеуі тиіс. Заңдардың талаптары мен партия шешімдерінің талаптары бетпе-бет келіп қалған жағдайда мемлекеттік қызметкерлер партияның еркінен жоғары тұратын халықтың мемлекеттік еркін білдіретін заң талаптарын орындауы тиіс. “Саяси партиялар туралы”Заң саяси партиялардың құрылуы мен қызметін айқындайды.Саяси партиялар заң алдында бірдей. Олар өз мүшелерінің еріктілігі мен теңқұқылығы,есептесушілігі, жариялылық пен заңдылық, өзін-өзі басқару жне өзін-өзі қаржыландырупринципі негізінде құрылады және әрекет етеді.Бұл ереже саяси партиялардың менменсіп кетпеуіне, оларда бір-біріне тең келмейтін әр түрлі күштердің – номенклатура мен теңсіздіктің, басшылардың айтқанына көзсіз еретін, өзіндік көзқарасы жоқ мүшелердің болмауына бағытталған. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. Ол партия ұйымдары өндірістік принцип бойынша, яғни, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің жандарынан құрылмайтындығын білдіреді. Саяси партиялардың аумақтық принципбойынша құрылуын азаматтар құқығының шектелуі деп қарастырмаған жөн. Коммунистік партия басшылық жасайтын социалистік елдерденбасқа барлық мемлекеттерде мұндай практика бар. Саяси партияларды мемлекеттік органдарда құруғажол берілмейді. Қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдардың ісіне араласуына жол берілмейтіндігі туралы конституциялық қағида осы арқылы жүзеге асырылады. Егер мемлекеттік органдарда саяси партиялар құруға рұқсат етілсе, онда ол олардың жұмысына іріткі салып, қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірер еді. Заң әскерилендірілген саяси партиялар құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялардың жандарынан әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. Заңның оқу орындарының оқу процесінде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берілмейтіндігі туралы ереженің маңызды мәні бар. Заңда саяси партиялардың бағдарламасы мен жарғысын тек мемлекеттік оқу орындарын да ғананасихаттауға тыйым салатынығы туралы айтылмайды. Әңгіме саяси партиялардың бағдарламалық және жарғылық талаптарын мемлкеттік сияқты, барлық буындағы мемлекеттік емес оқу орындарында да насихаттауға жол берілмейтіндігі туралыболып отыр. Алайда, бұл саяси партиялардың қызметін шектеу деген сөз емес. Оқу процесінде партиялықнасихатқа жол бермеу арқылы заң алдын ала әр түрлі саяси партиялардың қызмет жағдайының әркелкі болу мүмкіндігінен сақтандырады. Оқу орындарында әр түрлі партиялардың мүшелері білім алуы мүмкін ғой. Соған орай оқу процесінде бағдарламалық және жарғылық талаптарды насыихаттау бекітілген оқу бағдарламасын және білім алу құқығын бұзады. Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардың, ағымдардың, тұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді. Бұл топтар әлеуметтік, ұлттық, идеологиялық принциптер бойынша ұйымдасады (қандай да бір шамада бұл қағидаттар бір-бірімен өзара байланысты). Қоғам өміріне саяси партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар, кәсіподақтар мен тағы басқа да ұйымдар қатысады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *