ТҮРКІСТАН: ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ – ЕЛДІҢ САЯСИ СЕРПІЛІСІНЕ СЕБЕПШІ КҮШ

Қазіргі Қазақстандағы партиялық жүйе елдің саяси саласындағы демократиялық процестер мен идеологиялық плюрализмнің дамуындағы объективті үдерістің нәтижесі болып табылады. Қазақстанның тәуелсіздікті алуы көппартиялықтың дамуына жол ашып, КСРО Конституциясының нормасында бекітілген бірпартиялық жүйеден кетуді қамтамасыз етті. Еліміздегі партиялық жүйенің қалыптасуы, жалпы әлемдік трендтер және үрдістермен бірге дамығанымен де,  өзіндік ерекшеліктерге тән. Партиялық жүйе – билікті жүзеге асыру тетігінің маңызды компоненті. Партиома сипаты мемлекеттік органдарды, ең алдымен, бүкіл үкіметті қалыптастыруда қазіргі заңды саяси партиялардың нақты қатысу мүмкіндігі мен дәрежесі, сондай-ақ осы партиялардың мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси бағытын әзірлеу мен жүзеге асыруға ықпал ету мүмкіндігімен айқындалады. Бұл ретте саяси партиялардың саны емес, аталған функцияларды жүзеге асыруға нақты қатысатын партиялардың саяси бағдар-бағыттары маңызды болып табылады. Қазақстанда партиялық жүйенің қалыптасу тәжірбиесіне қарап, дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның саналуан өзгерістерге ұшырағанын атап өту абзал. Бұл саяси алаңдағы партиялық субъектілердің сандық динамикасы мен ондағы табысты партиялардың рөлі мен мәнінің өзгеруімен байланысты. Қазірге дейін қазақстандық партиома бірнеше даму кезеңдерінен өтті. Партиялық жүйе өз дамуының әрбір сатысында жаңа деңгейге трансформацияланды, оның ең негізгі себебі, партиялық субъектілердің қызметін реттеудің, құқықтық негіздерін жаңғыртумен байланысты. I кезең. 1990 жылы саяси белсенділік пен саяси ұйымдардың құрылуының катализаторы болған маңызды кезең. II кезеңде Қазақстандағы партиялық жүйенің дамуы жаңа партия субъектілерінің қалыптасу процесімен жалғасты. III кезең. Бастамасымен жүргізілген 1998 жылғы конституциялық реформа елдің саяси өміріндегі партияның рөлі мен мәнін қайта қараудың негізіне айналды. IV кезең. 2002 жылы шілде айында саяси партиялар туралы жаңа заң күшіне енді. Заңда этникалық, діни немесе жыныстық қатыстылығына қарай саяси партия құруға тыйым салынды. Бұдан өзге, саяси партияны тіркеу үшін бұрынғы заңға сәйкес 3 мың мүше жеткілікті болса, жаңа заң бойынша барлық өңірлер мен елдің ірі қалаларынан құралған 50 мың мүшесі бар саяси ұйым ғана партия ретінде тіркеле алды. Партия Мәжіліс сайлауында сайлаушылардың 3 пайызынан төмен дауыс алған немесе парламенттік сайлауға екі рет қатыспаған жағдайда оның қызметін тоқтату қарастырылды. V кезең. Дамудың осы кезеңінде қазақстандық партия жүйесі қазіргі заманғы белгілеріне ие болды. 2007 жылғы конституциялық реформа саяси партиялардың рөлі мен мәртебесін түбегейлі өзгертті. ҚР Парламенті Мәжілісінің пропорционалды сайлау жүйесіне көшуі жеңіске жеткен партияның құқықтарын заңдық бекітті.  Сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жеткен партия басқару мәртебесін алып, оған келесі сайлауға дейін мемлекет пен қоғамның тағдыры үшін толық жауапкершілік жүктелді. Қазіргі  таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген: «Аманат» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан  Халық партиясы, «Adal» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сынды Қазақстанның партия жүйесінде 6 саяси партия белгілі. 2021 жылғы соңғы электоралдық науқанда тіркелген алты саяси партияның бесеуі сайлауға қатысты, себебі алтыншы партия ЖСДП-ның сайлауға байкот жариялап қатыспауы партияның кризистік жағдайда екенін айқындап берді. Меніңше, партияның кризистік көрсеткіштері мынадай: нақты саяси стратегия мен саяси коньюктурадан тәуелсіз тактикалардың болмауы; партияның сайлауалды бағдарламасы әлі де  популистік ұрандармен қалып, экономикалық коллаппсқа  бейімделеп өзгертілмеуі; жаңа идеямен өте мобилді жаңа  жақтастар мен  тұлағалардың болмауы; өмірде болып жатқан  қоғамдық процестерге дер кезінде назар аударып өз мүдделері үшін пайдалана білмеуі; халықпен коммуникацияның  ең төмен деңгейі; билеуші партияға қарсы альтернативті іс-әрекеттер ұсына алмауы. Сонымен, ең бастысы  партияның өз ішіндегі  келіспеушілік пен қайшылықтардың күшеюі шешуші фактор болып  нәтижесінде сайлаудан бас тартуы, халықты абсентизмге шақыруы саяси әлеуметтенудің ең төмен көрсеткіші деп түсіндіруге болады. Дегенмен, қазіргі кезеңде Қазақстанда партиялық жүйенің өзіндік стандарттары мен жобалары қалыптасып, бекітілді. Қазақстандағы партиялардың көпшілігінің әлеуметтік базасы, электоралдық, тіпті парламенттік тарихы бар. Сонымен қатар, саяси партиялар сайлау процесіне ғана емес, оның ережелері мен нормаларын құруға да ықпал етуге тырысады. Осыған байланысты оның дамуының жоспарлы векторы мен идеологиялық негізін көрсететін партия мақсаттары мен әлеуметтік базасын анықтау маңызды. Партиялар мақсаты мен басым топтарын салыстыру Шынайы халық үкіметі, әлеуметтік әділеттік, рухани бостандық пен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ғылыми-техникалық қағидаттар негізінде өркендеген экономика қоғамына ұмтылуЖалпы, әрбір саяси партияның өзінің мақсатты топтары бар, яғни  әрбір партия сайлауда  халықты барынша қамту арқылы көп дауыс алуға ұмытылады, бірақ Қазақстандық саяси партиялар өз бағдарламаларында әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделеріне баса назар аударғанмен, бірақ барлық партиялар «жалпыхалықтық» болуға бағытталған (батыс терминологиясында қалыптасқан «барлығын қамту»). Сонымен, саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларын сараптамалық салыстыруға тоқталсақ: «Аманат» партиясы халықтың сұранысын ескере отырып, 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, ең негізгі назарды өңірлерді дамытуға 216 аймақтық бағдарламасын ұсынып оның жүзеге асыру тетіктерін нақты айқындауы өте сәтті шықты. «Ауыл» партиясы елді-мекендердің дамуын кешенді түрде қамтамасыз ету үшін, ауылдың инженерлік, әлеуметтік және экономикалық әлеуетін ашу мақсатында «Ауыл инфрақұрылымы» атты мемлекеттік бағдарлама әзірлеп, жүзеге асыруды ұсынды. Партия өзін ауыл тұрғындарының мүддесін қорғаушы ретінде танытқанымен, іс жүзінде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне қатысты ешқандай жобалар жүзеге асыра алмай келеді. «ҚХП» партиясы меншіктің барлық нысандарын, шағын және орта бизнесті, барлық деңгейдегі билікті халықтық бақылауды, қоғамда әлеуметтік әділеттілік пен еңбекке, лайықты жалақыға кепілдіктерді орнату үшін жағдай жасауды, азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, қолжетімді тұрғын үйді, тегін білім беру мен медициналық көмекті, отбасына қамқорлық — қоғамның негізі, балалар, ардагерлер және халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауды ұсынды. «Adal» партиясы  сайлауалды бағдарламасы 5 басым бағытты халықтың өмір сапасын көтеру, кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, өмірге қолайлы мемлекет,  өңірлердің өркендеуін ұсынып жүзеге асыру тетіктері мен нақты қадамдарын көрсете алмады. «Ақ жол» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында бірінші кезекте өзекті және өткір мәселелерді шешуді жариялады. Осылайша, партия мүшелерінің биылғы сайлау науқанындағы басты міндеті сыбайлас жемқорлықпен күрес деп жариялап, тіптен  сайлау бағдарламасында бұл мәселеге тұтас блок қарастырды. Жалпы билеуші партиядан басқа саяси партиялардың сайлауалды бағдарламасының кемшіліктеріне біртектілік, популизм, декларативтілік, нақтылықтың болмауы, жұмыссыздықпен күресу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту, білім беру және денсаулық сақтау, мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесін кеңейту … сынды жалпы сипаттағы ұрандар мен уәделерге толы екенін атап өткен жөн. Іс жүзінде барлық партиялар өздерінің бағдарламалық құжаттарында көптеген әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен олардың көрсеткіштерін жариялағанымен, оларға қол жеткізудің нақты қадамдары мен тетіктері жоқ, сайлауалды бағдарламаларының іске асуы туралы есеп бермейді. Сараптамалық салыстыру тұрғысынан алып қарағанда, біз билеуші партияны қанша рет сынасақ та  тек «Аманат» партиясы 216 аймақтық бағдарламаның өңірлерде жүзеге асуы туралы республикалық, салалық және басқармалар, облыс әкімдерінің есептері халық алдында берілуде. Сонымен қатар, пандемия кезінде партия жауапкершілікті өз мойнына алып, қысқа уақыт ішінде шығынға батып, қаражат жинауды, мұқтаждарға көмектесу үшін «Біз біргеміз»еріктілер жұмысы халықтың әлеуметтік əлжуаз топтарына күнделікті қамқорлықтың қажеттілігі туралы қоғамдық түсінік қалыптастыруға бағытталып, маңызды іс-шаралар атқара білді. Өкінішке орай басқа да «Ақ жол», «Ауыл», «КХП» сынды партиялар осындай бүкіл халықты қамтыған аса ірі игілікті істермен көзге түсе алмай келеді. Екіншіден, нақты осы партия — еліміздегі партиялық қызметте алуан түрлі жаңа технологиялар енгізіп, партиялық құрылыстағы әлемнің үздік тəжірибелерін ретрансляциялаушы болып табылады. Праймериз өткізу арқылы Парламент Мәжілісі, мәслихаттар мен ауыл әкімдері сайлауына нақты үміткерлер мен кандидаттарды анықтады. Жаңа басшылар партияның сайлаудағы жеңісі мен таяу болашақтағы тұрақты көшбасшылығының кепілі болары сөзсіз. Үшіншіден, нақты осы партия еліміздегі саяси жаңғырудың да басы-қасында «Аманат» партиясы ұсынған президент Тоқаев көшбасшысы болып табылатын ҰҚСК құрылған екі жылдың ішінде бес рет жалпы отырыс өткізіліп, 17 заң қабылданып, Мемлекет басшысы қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен 28 рет жеке кездесіпті. Осы кезеңде кеңес құрамына үш рет ротация жүргізілген. Президент Қ.Тоқаев кеңестің V кезекті отырысында «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор үлес қосып келе жатқанын және кеңесте қабылданған шешімдер еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларға тың серпін бергенін» жоғары бағалаған болатын. Яғни Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаннан бері қысқа ғана екі жылдың ішінде халыққа қажетті заң жобаларын қабылдатуда заң шығарушы органдары мен атқарушы билігі алдында халықтың үнін жеткізуде үлкен көпір қызметін атқара алды деп айтуға толық негіз бар. Қорыта келе, қазақстандық партиомада саяси партиялардың сан жағынан өсуі тоқтап, дамуы сапалық процеске өзгеретін кез жетті.  Парламенттік партиялар «Аманат», «Ақ жол», ҚХП саяси жүйеге еніп және сонымен қатар азаматтық қоғамның беделді институты партиялық-саяси субъектілер ретінде көрініп, деңгейлерінің жаңа мәртебелік рөлге көтерілгені байқалады. Оңшыл, солшыл және орталық бағыттағы партиялар идеологиялық тұрғыда нақты белгіленді, бұл халықтың қоғамдағы негізгі саяси көзқарасын білдірді.

Азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы катынасқа қатысушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық — аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді. Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайтын нормативтік-құқықтық акт болып табылады. Оған дәлел ата заңымызда көрсетіліп жазылған баптар құқықтық негізді құрайды. Мысалы меншік тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы баска жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялык, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүлде — мақсаты. Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдык бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизімін белгілейді. Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардын күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, керінісін үдетеді немесе баяулата алады. Азаматтық қоғам — адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар «азаматтық коғам» терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. Алайда, Рим империясының құрамында халықтардың бәрі бірдей рим азаматтары болмады, қоғам патрицийлерге, плебейлерге және құлдарға бөлінді. Бірінші топтағылар азаматтық қоғамның жалпыға бірдей құқықтарын, еркіндігін, тәуелсіздігін, жеке меншік игіліктерін пайдаланса, плебейліктер мен құлдарға мұндай мүмкіндіктер берілмеген болатын. Тегінде азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі. Бөлімшеде «Азаматтық қоғам» ұғымы қайдан пайда болған? — деген сауалға жауап беру үшін, диссертант әрбір тарихи дәуірдегі атақты ойшылдардың еңбектеріне шолу жасайды.  Шынында да азаматтық қоғамның бастапқы қаруы болып адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалынуы болып табылады. Екінші орында ғана мемлекет тарапына жасалынатын әрекеттер жатқызылады. Бірақта мемлекет те, қоғам да бір-бірінен алшақ болмауы тиіс деп айтамыз. Әйтпесе анархиялық құлдыраушылық сипаттағы мемлекетке жетіп қалуымыз ықтимал. Сол себепті мемелекеттің механизмін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар азаматтық қоғамды коғам ретінде көркемдеуі үшін нормативтік-құқықтық актілер базасымен толыққанды түрде қамтамасыз ету керек, ал ол үшін халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. қажеттіліктерін ескеру міндетті. Азаматтық қоғамды жеке тұлғалардың экономикалық, құқықтық және басқа да қарым қатынастар арқылы байланысу жүйесі ретінде түсіну бірталай ойшылдардың, солардың ішінде Маркс пен Энгельстің еңбектерінде жарық көрді. Олардың шығармаларында меншік түрлерінің өзгеруі мен еңбектің бөлінуіне негізделген мемлекет пен қоғамның ара қатынасының динамикасы көрсетілген. Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздері Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларды қамтиды. Бұл процесс әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Біз өткен ғасырдағы ірі ғылымдардың пікірін келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процессінің алдына қойған талабы болғандығын ашып көрсету. Сол себепті Кант, Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Азаматтық қоғамның құрылымы қоғамдағы өзінің табиғи мүдде — мақсаттарына сәйкес ұрушы, реттеп, басқарушы — адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі — діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары — азаматтық қоғамның элементтері. Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздерін айкындау бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Себебі, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін ең алдымен жоғарғы деңгейде қабылданған заңдар жүйесі толыққанды болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттің азаматтары өздерін құқықтық саналы мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруы керек, тек сонда ғана алдымызға қойған мақсатқа жетуге болады. Азаматтық қоғамды құрайтын институттардың құқықтық негіздерін зерттеу үшін, ең алдымен сол қоғамды құрайтын тұлға мен азаматтың орнын белгілеп алған жөн. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын сипаттайтын өзіндік құқықтары — қауіпсіздік, еркін өмір сүру, бәсекелестікпен азаматтық қызмет етуге, отбасы құпиясын сақтауға, ар-намысы мен ар-ожданын қорғауға, жеке меншікке қол сұғылмауын талап етуге, сейлесу тілін таңдап, оны қолдануға, еңбек ету бостандығына, тұрғын үйге қол сұқпауға, мұрагерлікке, кәсіпкерлік қызмет бостандығы мен тағы басқа мемлекетте қажет болып танылатын және бржытпай орындалып жүрген заңдық күші бар нормативтік-құқықтық кұжаттарда белгіленген құқықтарға ие болады және бұлар заңда көрсетілген міндеттерге де ие болады. Азаматтық қоғамның бір атрибутының бірі -дамыған қоғамның үшінші секторы болып табылады. Үшінші сектордың әр түрлі мүдделерін білдіретін құрылымдарға үкіметтік емес ұйымдар жатады. Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Ескертетін бір жағдай Қазақстандағы демократияның дамуы халық қалауымен емес, биліктің саяси бағытынан туындаған. Батыс елдері демократиялық бағытқа жаңа қатынастардың дамуы нәтижесінде, атап айтқанда құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу, мемлекет қызметінің шектелуі, жергілікті өзін басқаруға деген ұмтылыстың ұзақ процесінде түсті. Осыған сәйкес Қазақстан да өзіне қажетті құндылықтарды енді игеріп, азаматтық қоғам бағытына енді ғана аяқ басты. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *