ТҮРКІСТАН: КИЕЛІ ШАҺАРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА АЙТЫЛҒАН БАСТАМАЛАРҒА ШОЛУ

Ұлттық мәселелерді шешуге дұйым жұртты жинайтын, дәстүрлі Ұлттық құрылтай Қазақстанның тарихы терең өлкесі Түркістан қаласында 2023 жылдың маусым айының 17 жұлдызында өтілген болатын. Ұлттық құрылтайдың бағыты ұлттың дамуына, мемлекеттің көркеюіне, отанымызда бірлік пен тыныштықтың орнауына қатысты болды. Қазақстан деген мемлекетіміздің дамуына тікелей әсер ететін, мәңгілік ел болу мақсатына жету кезінде ортақ еңбектің болуын талап ететін мақсаттар айтылып, жиынның тақырыбы «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» деп аталған болатын.

Бүгінде Ұлттық құрылтайдың өткеніне 1 жылдай уақыт болып қалды, бұл уақыт арасында жиында айтылған мақсаттар орындалып, кейбірі жүзеге асырылу үстінде тұр. Бұл мақалада Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтылған мақсаттарының, тапсырмаларының жүзеге асырылуына шолу-талдау жасалынатын болады. Оның ішінде мемлекеттік нышандарды жетілдіру, халқымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан шараларға, мемлекетте ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру мен креативты индустрияны дамыту мақсаттарының жүзеге асырылу тұстары айтылатын болады.

  1. Мемлекеттік нышандарды жетілдіру бағытында атқарылған шаралар

Қазақстан Республикасының Президенты Қасым-Жомарт Тоқаев екінші рет болған Ұлттық құрылтай кезінде ұлттық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыруға байланысты сегіз мақсат туралы айтқан болатын. Оның ең біріншісі ол еліміздегі мемлекеттік нышандарды жетілдіруге байланысты.

Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір мемлекетті басқалардан айқыштап тұратын оның ұлттық бірегейлігін көрсететін ұлттық бренды болып табылады. Қазіргі кезде еліміздің аймақтарын айқыштайтын символдар бірегей стиль мен стандарттарға сай емес, аталған мәселе Президенттің назарына да ілінген болды. Аталған мақсатты орындауда Тоқаев мемлекеттік символдарды бірегей жүйеге сай жасау керектігін айтқан болатын.

«Нышандарымыз бірегей ұлттық кодымызды нақты әрі айқын көрсетуі керек», — деген болатын Президент.

Қазіргі уақытта еліміздің аймақтары мен қалаларын танытатын символдарын бірегейлікке келтіру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ мемлекетте мемлекеттік марапаттарды, ордендер мен медальдарды қайта қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Сол себепті әрбір орден-медальдың терең мағыналы әрі ерекше болуы, жұрт көңілінен шығатындай болуы өте маңызды. Сол үшін мемлекеттік марапаттар жүйесін халықтың жанына жақын әрі түсінікті етіп жасау қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекеттік наградаларға байланысты атқарылған маңызды жұмыстардың бірі ол «Ел бірлігі» атты жаңа мемлекеттік награданы қазақстандықтарға берілуі болды. Бұл туралы Президент тапсырмасында: «Мен бұған дейін «Ел бірлігі» атты жаңа мемлекеттік награда әзірлеп, бекітуді тапсырдым. Алдағы Республика күнінде бұл марапат алғаш рет тапсырылады», — деген болатын. Бұл награданы, Республика күні мейрамы кезінде, ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолында жемісті еңбек сіңіріп, әртүрлі салада қызмет етіп жүрген отандастарымыз алған болатын.

Алғаш рет «Ел бірлігі» наградасымен марапатталғандардың ішінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры А.Башмаков, дүнген Республикалық этномәдени орталығының байқау кеңесінің төрағасы Л.Буларов, тәжік Республикалық этномәдени орталығының төрағасы А.Исмаилов, Қазақстан корейлер қауымдастығының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Р.Ким, «Deutsche Allagemeine Zeitung» Республикалық неміс газетінің бас редакторы О.Клименко, «Дустлик» Қазақстан Республикасы өзбектерінің этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Т.Нишанбаев, «Вайнах» Қазақстанның шешендері мен ингуштарының қауымдастығының тең төрағасы А.Мурадов марапатталған болатын.

Президент Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда ұлттық символиканы жетілдіру мен дамыту бойынша айтқан мақсаттары негізінде әлі жұмыстар жүргізілуде, дегенімен қысқа ғана уақытта халықтың еңбегінің еленіп ордендер мен марапаттар алуы жақсы нәтиже деп ойлаймын. Ал аймақтардың таңбаларына келетін болсақ, бұл жұмыс ұзақ талқылаулар мен сараптауларға түсуі керек, бұл іске халқымызда бірге қатысып, белсенділік танытуы міндетті деген ойдамын.

  1. Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

Түркістандағы құрылтай кезінде мемлекет басшысы халықтың тарихи санасы мен сезімін жаңғырту бойынша Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу керектігі туралы айтылған болатын. Бұл мемлекетіміздің өткені мен бүгінін халықтың есінде қалып, ұлттық санасын мен сезімін оятуға, ұлттық бірегейлігімізді арттыруға мүмкіндік беретіндігі анық.

Аталған мақсатты орындау кезінде Президент бірнеше маңызды міндеттерді қойған болатын, бұл тарихымызға қатысты жазылатын кітаптардың барлығы шынайы деректер мен ақиқатқа негізделгендігі, бұл көптомдықтың тілі – жеңіл, мәнітінін барлық жастағы оқырман түсінуі мүмкін болуы керек деп тапсырған.

Президенттің бастамасы негізінде халықымыздың шыққан тегі, шежіресін қазақтың білуі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Менің ойымша, қазіргі кезде барлық қазақ өзінің шыққан тегі мен шежіресін біледі, ата-баба рухына тағзым етіп, перзенттік борыштарын өтеуде. Бұл біздің қанымызға сіңген әдет болса да, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің әрекеттері арқылы, ата-бабаға деген құрметі мен ілтипатын көрсетіп халыққа үлгі болып жүреді.

Аталған мақсатты орындау бойынша елімізде бірнеше жиындар өткізілген болатын, оның бірі «Жоғары білім және ғылым – 2023» атты форум кезінде «Қазақстан тарихының 7 томдығын дайындау» бағытында болған ғалымдардың талқылауларын, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Каринның төрағалығымен өткен кеңесті де айтуға болады. Мемлекеттік тарихты жазу, сондай-ақ оны мемлекет басшысы қойған талаптарға сай, барлық ақпарат қамтылатындай етіп жазу ол уақытты, қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан, қазіргі уақытқа дейінгі жасалған жұмыстың нәтижесі ретінде келесіні айта аламын.

«Қазақстан тарихы: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» атты жаңа академиялық басылымды әзірлеу жөніндегі орталықтың басшысы Алтын Уалтаеваның мәлеметі бойынша аталған кітапты жазу 2024 жылдың ортасына дейін жүргізіледі. Қазіргі кезде ақпараттар мен тарихи деректерге шолу жасалынып жатқандығы, сонымен қатар бұл кітаптардың басты ерекшелігі ол мемлекетімізде болған тарихи оқиғалардың барлығы жаңа қырынан танылатындығы айтылды. Сондай-ақ, Алтын Уалтаевна:

«Бүгінгі күнге дейін жеті томдық кітаптың авторлары жаңа тарихнамалық деректер базасын құрған болатын. Тәуелсіздігімізді алған 30 жылдан астам уақыт ішінде ғалымдарымыз «Мәдени мұра» мен «Мұрағат – 2025» мемлекеттік бағдарламалары негізінде дұниежүзіндегі мұрағаттардан, яғни Батыс Европа елдері, оның ішінде Нидерланды, Швеция, Ұлыбритания, сондай-ақ Азия елдері, оның ішінде Қытай мен Парсы елдері мұрағаттарынан ақпараттар жинаған болатын. Бұл уақыт аралығында археологтарымыз қазақтардың көне тарихы мен мәдениетінің ерекшеліктерін айтатын көптеген жаңалықтарды ашты. Жаңа академиялық басылымның материалдары әлем жұртшылығына біздің әрқашан мұрағаттық құжаттармен және ғылыми материалдармен расталған өзіміздің сан ғасырлық тарихымыз болғанын паш етеді. Көптеген дереккөздер алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп, жаңа академиялық басылымға енгізілуде», — деген болатын.

Бұл жобаның жұзеге асуы, кітаптардың жарық көруі отандық және шет елдік зерттеушілердің, қоғамдық және саяси белсенділердің Қазақстанның өткен тарихын толықтай анық етіп түсіну мен көруге мүмкіндік береді. Аталған жобаны қолға алудың себебі ол тек айтылатын ақпараттардың көп болып қалуы немесе тек мұрағатты ақтарып, жоқты барға айналдыру емес. Оның басты мақсаттарының бірі ретінде, Қазақстанның өткенін бұрмалаушылардың пікірлері мен көзқарастарын тарихи деректер негізінде дәлелдеп көрсету арқылы, осындай тарихты бұрмалаушылардың пікірлерін жоққа шығаруға мүмкіндік береді.

Ұлттық құрылтай да еліміздің тарихын ұмытпауды қамтамасыз етуге бағытталған жиындардың бірі, ал онда айтылатын мәселелер еліміздің мәңгілік ел болуына негізделген. Президент халықтың сана-сезімін оятуда ұлттық тарихымызды ұмытпауды айтуы, осы мәселені қозғауы өте орынды болып тұр. Бұл жеті томды кітап барлық жұрттың оқуы керек, барлық қазақ пен қазақстандық білуі керек тарихи мұрамыз болары анық болып тұр.

  1. Ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру, креативты индустрияны дамыту мақсатының орындалуына шолу

Аталған мақсат бойынша мемлекет басшысы халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз етуші институт ретінде масс-медианы атаған болатын. Масс-медиа халықтың көңіл күйін билікке жеткізуші, сонымен қатар қоғамда құндылықтар жүйесі мен жүріс-тұрыс үлгілерін қалыптастыра алатын қызметтерді атқаратын маңызды канал. Осындай қызметтерді атқару кезінде мемлекетте креативті индустрияны дамытудың маңыздылығы орын алады. Бұған кино және сериал саласы, мультфильмдер, музыка, кітаптар мен басқа да жүйе элементтері қарастырылатын болады.

Өзінің сөзінде Президент Қазақстанда түсіріліп жатқан киноларға, жалпы кино өндірісіне қатысты бірнеше пікірлерін білдірген болатын. Олардың ішінде:

«Расында кино саласында дау-дамайлар көбейіп кетті. Қазіргі кинотеатр иелері отандық фильмдерді экраннан көрсету үшін қомақты қаржы талап етеді. Билеттен түскен қаржының едәуір бөлігі тағы да кинотеатрлардың және жеке меншіктегі компаниялардың қалтасына кетеді. Бұған қоса, киногерлер фильмді нақты қанша адам көргенін анықтай алмайды. Қысқасы, киноға бүкіл білімін, күш-қайраты мен уақытын сарп еткен мамандарға табыстың аз ғана бөлігі тиеді», — деген болатын.

Мақаланың бұл тарауында мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық кино индустриясына қатысты айтқан өзекті мәселелер жүйесін айтқым келеді. Себебі, кино ол ұлттың жадын көрсететін, ұлтымыздың құндылығы мен дәстүрін көрінісін беретін, уақыттың еншісімен өтіп кеткен естелігімізді көрсете алатын мүмкіндікке ие. Бұл мүмкіндіктері арқылы ол біздің ұлттық жадымызға әсер етеді, ұлттық құндылықтарымызды реттеу мен әрекеттерімізді соған бағыттай алады. Бұл туралы мемлекет басшысы:

«Қазіргі заманда ел боламыз десек, экранды да түзеуіміз керек. Себебі кино қоғамның сана-сезіміне ерекше ықпал етеді. Елімізде кино өндірісі жақсы дамыған деп айту қиын», — деді.

Қазақстанда киноиндустрия саласында көптеген мәселелер тізбегі орын алуда, аталған мәселелерді шешу кезінде жаңа көзқарастар мен дамуды көздеген жаңа қарқындар керек болып тұр. Бұл мәселелер келесі тармақтарда көрсетіледі және олардың жүзеге асырылу нәтижелері айталады:

− «Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі кинотеатрға келушілер санын анықтайтын цифрлық платформа құру болып табылатын. Бұны орындауды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігіне жақын арада орындау жүктелген болатын», — деп айтты мемлекет басшысы. Тапсырма қазіргі кезде орындалды, соның негізінде кинотеатрға келушілерді есепке алу үшін мобильді қосымша әзірленді, осы қосымшаны қолдануға қосылған кинотеатрлардың саны қазірге тек қана 60-қа жуық болып тұр.

− Киноиндустрияны экономиканың жеке саласы ретінде қарастыра отырып, салада қордаланып қалған мәселелерді кешенді және дәйекті түрде шешу қажет. Осы жерде мынадай ұсыныстар білдіргім келеді, киноиндустрияны экономиканың жеке секторы ретінде құру жөніндегі осы нұсқаулықты жақсырақ жүзеге асыру үшін қаржылық қолдауды ғана емес, сонымен қатар кино саласының қолданыстағы субъектілерін дамытуға және пайда болуына жәрдемдесетін бірыңғай оператор ретінде ұлттық компанияны құру қажет. Ұсыныс ретінде, «Киноны қолдау орталығы» мен «Қазақфильм» АҚ біріктіру негізінде, «Қазақфильм» ұлттық компаниясын құру және әлеуметтік киножобаларды қаржыландыратын «Қазақфильм» ұлттық компаниясы құрамында жұмыс істейтін ұжымдық қорды қалыптастыру керек («QazExpoCongress» мысалы бойынша).

Мемлекет бүгінде кино саласының флагманы болуға және неғұрлым сапалы кино өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен саланы дамытумен айналысуға, сондай-ақ Қазақстанның киноөнімін перспективалы кино нарықтарына экспорттауды қамтамасыз етуге арналған барлық құралдарға ие «Қазақфильм» ұлттық компаниясын қаржыландыра отырып, оған инвестор бола алады. «Қазақфильм» ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық брендке ие болды, оның өнімдері атына заты сай болып, көптеген шет елдік кино нарықтарында танымал болып келе жатыр. Бұл туралы да Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кезінде шыққан «Қыз Жібек», «Отырардың күйреуі», «Атаманның ақыры» сияқты классикалық фильмдер түсірілуі керек деп санаймын», — деп айтқан болатын. Ал аталған туындылардың барлығын, Қазақстандағы елімізде теңдесі жоқ жалғыз ірі мемлекеттік киностудияның күшімен түсірілген болатын.

Қорытындылай келе, Түркістан өлкесінде болған Ұлттық құрылтайда айтылған мәселелер мен мақсаттарды айту, олардың жүзеге асырылып жатқан тұстарын көптеп айта беруге болатындығын көрудеміз. Дегенімен, мақаланың төңірегінде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты құрылтайдың екінші отырысында айтылған үш маңызды мақсаттың қазіргі кезде жүзеге асқан тұстары мен болашақта атқарылатын істері туралы ғана айтып үлгердік. Президент айтқан басқа бес мақсат қазіргі кезде жүзеге асырылуда, сол мәселелердің төңірегі халық арасында талқылауда. Ал Президенттің осы баяндамасында айтылған ұлттық кемелдену мен адами құндылықтардың дамуы туралы қозғалған тұстары әлі де жүзеге асатын, кемелдендіре түсу керек сәттердің бірі болып қалады.

Ұлттық құрылтайда айтылған маңызды мәселелердің бірі, ол еліміздің шекаралас аймақтарын дамытуға қатысты жұмысты қазіргі кезде билік тездетуі керек. Бұл бойынша да көптеген жұмыстар жүзеге асырылды, оның бірі Президенттің отанымыздағы жер телімдерінің шет елдіктерге сатылмайтындығын айтқандығы да халық көңіліне қонған шешім болды. Дегенімен, осы жерде еліміздегі барлық аймақтардың дамуы басты назарда болуы керек. Біздің халқымыз теңдікте, тең мүмкіндіктерде өмір сүруі керек. Бұны жүзеге асыруда мемлекет пен халық, азаматтық белсенділер мен сол өлкенің тұрғындарының біріге, белсене жұмыс істеуі жүйеленуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы