САУРАН: АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін сапасы жақсы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу керегін айтқан болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды маңызы бар жолдардың құрылыс барысын тұрақты бақылауға алған. Сауран ауданында аталған көрсеткішке жету үшін қарқынды жұмыс жүріліп келеді.

Атап айтатын болсақ, аудандық маңызы бар Шорнақ-Сауран-Ескі Сауран елді мекендерін байланыстыратын 15 шақырымдық автожолына орташа жөндеу жұмыстары басталады. Жергілікті тұрғындармен кездесуге барған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров автожол Ескі Сауран және Сауран елді мекендерінің тұрғындарын аудан орталығымен тікелей қатынас жасауға септігін тигізетіндігін айтты. Автожолдың ұзындығы 15 шақырым, ені 6 метр асфальт жабындысы мен жол белгілері және су өткізгіш темір құбырлары салынады. Алдағы уақытта ауданда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 25 шақырым жол жөнделеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы