КЕНТАУДА АЛАШ АРЫСЫ СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Кентау қаласында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» қарсаңында Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті.

Іс-шарада қала әкімі Жандос Тасов, елімізге танымал режиссер, сценарист, елжанды Еркін Рақышев, С.Қожановтың еңбегін насихаттаушы Абурайра Манахов сөз алып, елдің жарқын болашағы жолында қуғын — сүргінге ұшырап, құрбан болған алаш арысын еске алып, ой толғады.

«Бүгін Сіздер мен біздер қаламыздағы қазақтың алаш азаматы Сұлтанбек Қожановқа 130 жылдығына және қуғңын-сүргін құрбандарын еске алуға жиналып отырмыз. Тәуелсіз Қазақ елінің жарқын болашағы үшін құрбан болған ата-бабаларымыздың әруағына бүгінгі ұрпақ атынан бас иіп, тағзым етуге келіп отырмыз. Қазақ ұлтына Тәуелсіздік алу оңайға соққан жоқ. Саяси қуғын-сүргін жылдары қазақ халқының көрнекті, көзі ашық, көкірегі ояу қайраткерлері азап шекті. Олардың туған-туыстары мен жақындары да аяусыз зорлық-зомбылық көрді, қудаланды. Алайда, тарихи әділеттілік ақыры орын алып, Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді» деді қала әкімі.

Еске алу шарасына С.Қожановтың туыстары, жақындары, зиялы қауым өкілдері, сала қызметкерлі мен қала жастары қатысты. Игі шара соңында мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, тағзым етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *