Түркістандық тұрғындары үшін Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру үдетіліп, жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндаймыз. Қазіргі әлемде бәрі цифрлық рельстерге ауысады, бұл ауыл шаруашылығына да қатысты. Бұл саладағы цифрландырудың басты міндеті-өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту, ресурстарды тиімді пайдалану негізінде оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Жаңа технологиялар есебінен ауыл шаруашылығы кәсіпорнын басқару тиімділігін арттыру нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті сақтауға және тіпті арттыруға ықпал етеді. Елде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – аграрлық саясаттың маңызды бағыты. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңа экономиканың драйверіне айналдыруға баса маңыз берілді. Осы тұста, Президент пәрменіне сай, елімізде Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге аса бастады. Бұл бағытта Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Карталар жасалды. Ол бойынша саланы 13 бағытта жетілдіру көзделуде. Соның бірі, саланы цифрландыру. Шалғайдағы шаруа қожалық иелеріне қолжетімді электрондық құжат рәсімдеуге жағдай жасау болатын. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ресми сайты жанынан Qoldau.kz Бизнеске арналған цифралық платформасы іске қосылды. Бұл қосымшада шаруаға қажетті «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген дизель жанармай үлестіру», «Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі», «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша электрондық жоспарлар», «АӨК субьектілерінің электрондық картасы» сынды медиа-ресурстар орналасқан. Сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау үшін өтінімдер электронды түрде өтінім бере аласыз. Осы өтінім түрін жаңақорғандық шаруалар игілігіне икемдеуде.
Айта кету керек, Qoldau.kz қосымшасында сан түрлі қызмет түрлері де бар. Яғни, «Сақтандыру өнімдері», «Геоақпараттық портал», «Көліктің серіктік мониторингі», «Сауда алаңы», «Ауа райы қызметі», «Көлік логистикасы» секілді диқаншы қауым мен шаруа үшін қолжетімді ресурстар жасақталған. Келешегі ауылда бақша өнімін еккен диқан осы қосымша құрылғы арқылы серіктес тауып, өнімін шетел нарқына шығаруға, не ұзақ мерзімді қоймаға сақтауға, электрондық сауда алаңына шығарып пұлдауға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ Qoldau.kz сайты әзірге пилоттық жоба болғандықтан, қосымша жаңа бағыттар жасақталуда. Оның ішінде, «Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы деректемелердің ақпараттық банкі», «Су шаруашылығы құрылымдарының тізілімі, суларды және олардың пайдалануын есепке алу», «Машиналарды тіркеудің электрондық кітабы», «Селекциялық және асыл тұқымды жұмыстардың ақпаратты қоры» әзірлену үстінде. Алдағы уақытта осы жобаларда жүзеге асса, портал қызметінің аясы кеңейе түспек.