ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНА САЛАСЫН ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ӨЗЕКТІ

Пре­­зидент медицина саласын цифр­лан­дыруға білікті IT-мамандарды тартуды тапсырды. Бірақ бұл мәселе бойынша да қиындықтардың бар екенін айтқан О.Әбішев: «Бұл өте дұрыс дүние. Алайда мемлекеттік қызметтерге жоғары ма­ман­дандырылған IT-мамандарды тарту қиын. Өйткені мемлекеттік қызметте IT-нарықтағы сияқты жалақы өте жоғары емес немесе басқа жағдайлар жа­сау мүмкін емес. Меніңше, Президент осы мәселелерді ескере отырып тапсырма берген болуы керек. Жақын арада Үкімет жаңа жағдайларды қарастыратын шығар. Қазір денсаулық сақтау сала­сында қазақстандық меди­циналық ақпа­раттық жүйелерді жасай­тын 30-дан аса IT-компания бар. Олар қазір на­рықта толығымен біздің бүкіл мекемеге өнім­дерін ұсынып отыр. Тек қана сатып алу, сату емес, сервистік модель де қыз­мет көрсетеді. Біз министрлік тарапынан ақпараттық жүйелермен интеграция жасау арқылы республикада денсаулық саласында қызмет қалай көрсетіліп отыр дегенді толықтай бақылап отырмыз. IT саласы интеллектуалды сала ғой. Мұн­дай жұмыс жоғары еңбекақыны талап етеді. Бізде денсаулық сақтау саласы болсын, мемлекеттік жұмыс болсын, IT-ма­мандарға нарықтағыдай төлейтін жалақы жоқ. Оны мойындау керек», дейді.

Әрине, Мемлекет басшысы айтқандай, медицина саласын цифрландыру – өте өзекті. Оның артықшылықтары аз емес. Вице-министр соның біразына тоқталды.

Бұрынғыдай том-том медициналық кар­таны құшақтап, әр ауырған сайын сағаттап ауру тарихын айтатын жағ­дай­­дан алыстағанымыз рас. Ал алдағы уақытта цифрландыру басың ауырып, балтырың сыздамай тұрып сырқаттың алдын алатын деңгейге жеткізбек.

Цифрландыру ашықтықты жолға қойды. Ал медицинаны цифрландыру осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік беруде. «Цифр­­ландыру жүйесінде міндетті әлеу­меттік сақтандыру (МӘМС) бойынша екі бағыт бар. Біріншісі – ішкі бағыт, екін­шісі – сыртқы бағыт. Ішкі бағыт бо­йынша Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорының барлық жұмысы ха­лыққа ашық, электронды түрде жүзе­ге асуда. Яғни қанша қаражаттың қай­да жұмсалып жатқанын толық бақы­лауға болады. Екінші бағыт – азаматтармен қарым-қатынас. Жыл сайын те­гін дәрі-дәрмек берілетін жылдық бюд­жеттің көлемі – 106 млрд теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы