Киберқауіпсіздік саласы бойынша әлеуметтік желі қолданушыларының сауатты болғаны және олардың кибералаяқтардан қорғана алуы өзекті мәселеге айналып отыр. Өңіріміздегі тұрғындардың ғаламторда жеке деректерді жарияламау, кілт сөздер мен құпия сөздерді барынша жасыру және банк деректерінің ұрлануына жол бермес үшін не істеу керек? Киберқауіпсіздік маманы Гүлдана Жұматай қарапайым кеңестерімен бөлісті.
Киберқауіпсіздік — өте ауқымды сала. Елімізде мемлекеттік сайттар да кибершабуылдарға ұшырап жатыр. Маман ретінде мониторинг жасап көрдіңіз бе? Біздегі ең әлсіз ұйымдар, мекемелер туралы айтып берсеңіз…
Гүлдана Жұматай: Жалпы өзім SOC-та аналитик/сарапшы болып жұмыс істедім, және сонда жұмыс істеу кезіндегі алған тәжірибеме сүйене келе айтарым, кибершабулдардың 60 пайыздан жоғары мемлекеттік мекемелерге түсіп жатыр.
Жастар қатарластары тарапынан буллингке көп ұшырайтыны жасырын емес. Бір-бірінің әлеуметтік желісіне кіру немесе сырттай аккаунтты бұзып, ұятсыз хабарламалар жіберіп жатады. Бұл әрекеттерді қалай тоқтатуға болады? Уатсап, телеграм-нан кіретін шпиондық бағдарламалар туралы айтыңызшы.
Гүлдана Жұматай: Ең алдымен, есте сақтайтын жайт интернетте жариялаған ақпарат кезкелген адамның қолданысында болу мүмкін, сонымен қатар жосықсыз адамдардың қолында. Тіркелгінің құпиялылығын орнату, яғни тек достарыңыз бен жақын ортаңыз контентіңізді көруге болатындай етіп және тек белгілі бір адамдар тобы жаза алатындай орнату өажет, сәйкесінше құпиялылық параметрлері қажет. Балаларға айтылатын жайт, егер буллингке түскен болса, ең алдымен жақын адамдарыңызға және сенетін адамдарға айту керек, және әрі қарай әрекет ету жолдарны қарастыру қажет. Сонымен қатар, негізгі қолданыста жүрген әлеуметтік желілер facebook, instagram сияқты, интернеттегі кибербуллингпен күресуде, бұл үшін сізге қажетті шаралар қабылдануы үшін шағым қалдыру керек. Кибербуллинг — бұл қылмыстық құқық бұзушылық және бұл заңға қайшы әрекет, сондықтан бұл сқрақта заңға да жүгінуге болады. Шпиондық бағдарламаға келетін болсақ, бұл негізінен фишингтік бағдарламалар. Бүнымен күресу үшін ата-аналар балаларына кибергигиенаның қарапайым дағдылары туралы алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.