КЕРЕК ДЕРЕК: ЕЛІМІЗДІ ІТ МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛДЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ САРАЛАНДЫ

Өңір тұрғындарының назарына еліміздің цифрлық дамуына бағытталған қадамдар туралы ақпаратты ұсынып отырмыз. Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – елімізді ІТ мемлекетке айналдыру екендігін айтқан болатын. Сонымен қатар, Үкіметке 2026 жылға қарай ІТ қызметтердің экспортын бір миллиард долларға жеткізу міндетін қойған еді. Ал бұл бағытта жүктелген міндеттерге қол жеткізу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қандай жұмыс істеп жатыр?

Бағдат Мусиннің дерегі бойынша, өткен жылы ІТ экспорты 5 есеге артып, 334 млн долларға жеткен. Ал оның ішінде Astana Hub қатысушыларының табысы 153 млн доллардан асып түсті. Цифрлық даму министрлігі ұсынған мәліметке қарағанда осы жылдың 6 айындағы ІТ қызметтер экспорты 116 млн долларға жетті. Қазақстанның ІТ қызметтерін негізінен мына елдер сатып алады: Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Кипр, Нидерланды, Ресей Федерациясы, Біріккен корольдік, Германия, Испания, Ирландия, Канада.

Цифрлық даму министрлігінің пайымдауынша, бұл көрсеткіш отандық цифрлық өнімдердің халықаралық арендада бәсекеге қабілетті екендігін көрсетеді.

Айта кетерлігі, Аstana Hub — Орталық Азия өңіріндегі Google for Startups-тің жалғыз серіктесі. Осылайша, Қазақстан аймақтың ірі IT ойыншысына айналып келеді. Мұнан бөлек, ІТ салаға инвестиция көлемі де арта түскені байқалады. «Бәйтерек» холдингімен отандық ІТ өнімдерді енгізуді ынталандыруға бағытталған нақты іс-шаралар да әзірленген.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жуырда Душанбеде сөйлеген сөзінде Қазақстан цифрландыру сынды стратегиялық маңызды салада өзінің жақын көршілерімен ынтымақтастығын барынша нығайтуды қолдайтынын атап өтті. Ал бүгінгі іс-шара сөзсіз, осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Silkroad Innovation Hub жеке брендке айналатынына және Кремний алқабында өзінің лайықты орнын иеленетініне сенімдімін», — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *