КЕРЕК ДЕРЕК: «IT-МЕМЛЕКЕТ»  — МОЛ МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛ

Инновациялардың көмегімен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың арқасында адамдар күнделікті тұрмысын өз уақыты мен ыңғайына икемдеуге үйренуде. Осы ретте IT саласының мамандарын көптеп даярлау, оларды қолдау уақыт талабы болып отыр. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде де «Ақпараттық жүйелер» және «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша IT саласының мамандары даярланады. Мәселен, «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері Тасқын Құрманжан, Дулат Орынбасар, Аслан Елеусіз осы жылғы дипломдық жобаларында «көмекші робот» жасап, шығарды. Роботтың басты ерекшелігі – жасанды интеллектке байланысу арқылы, қазақ тілінде еркін сөйлейді, кез келген сұрағыңызға жауап береді. Роботтың ақпараттық жүйесінде тек қазақ тілі емес, түрік, ағылшын, орыс тілдері де бар. Яғни, интернет желісінен күнделікті сіз іздейтін қарапайым сұрақтардан бастап, күрделі сауалдарға жауап беруге қауқарлы. Шынында, егер ел ішінде отандық IT саласының мамандары аз болатын болса, кадр даярлаудың да мүмкіндіктері кеми бермек. Сондықтан ең бірінші біз IT мамандарының сонымен қатар сапасын да арттыруымыз қажет. Қазіргі білім алушы жастарға бұл саланың болашағы зор екенін ұғындырып, қызықтыра білгеніміз жөн. Қазір білімділер мен білгірлердің дәуірі. Жаңа мамандықты, жаңа саланы меңгеруден қашпай, еліміздің дамуына бірге үлес қоссақ деймін.

— Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Біз электронды үкіметті және финтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында тұрмыз. Былтырдың өзінде ІТ саласындағы экспортымыз бес есе өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Әрине, мұнымен шектелмейміз, деді мамандар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы