ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ДАМИ ТҮСТІ

 Түркістан облысы тұрғындарының назарына жасанды интеллект жобасы жайлы қызықты ақпарлармен бөлісетін боламыз. Жалпы Қазақстан жасанды интеллект технологияларын барлық салада пайдаланып келеді. Осыған дейін Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект, блокчейн, заттар интернеті (IoT) және Үлкен деректер (Big Data) сияқты жаңа тұжырымдамалар мен технологияларды кеңінен енгізу ауыл шаруашылығысаласынан қаржы саласына дейінгі барлық салаларда ойын ережелерін өзгертуге әкелетінін атап өтті. Айта өтетіні, аталған технология аясында Түркістан телеарнасында «жасанды интеллект» бағдарламасы жүргізіле бастады.  Күншуақ Табиғатқызы есімді «робот» қыз әзірге күн райының болжамы айдарын жүргізеді. Алғаш көрген адам сүйкімді келбеті мен мәнерлеп сөйлеу әдебіне қарап, «жасанды интеллект» екендігін білмей де қалады. Бұл туралы телеарна басшысы былай дейді:

«Жалақы төлемейміз, ауырып қалмайды, дауысы, мәнері бұзылмайды, боянбайды. Қай жағынан алып қарасаңыз да тиімді. Біз ауа райы болжамының текстін алдын ала жазып береміз, содан «жасанды интеллект» жасайтын программаға аз ғана ақша төлейміз. Болды. Күншуақ Табиғатқызы эфирге шығып, бағдарламаны жоғары деңгейда алып шығады» – дейді телеарна директоры Жанахмет Ағыбаев.

Күн райын жүргізетін болғандықтан ұжым мүшелері робот қызды «Күншуақ» деп атаған. Ал, тегін «Табиғатқызы» деп алыпты.

Алдағы уақытта телеарна басшылығы «жасанды интеллект» жобасы аясын кеңейтпек яғни екінші бағдарлама жүргізушісіне жасатып, сынап көрмек. Егер жоба сәтті шығып жатса, робот жүргізуші көрермендерді қызықты жаңалықтармен таныстырып отыратын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы