«КРЕАТИВТІ» ЭКОНОМИКА — АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ ҚАНДАЙ?

Түркістан облысының тұрғындарына ұсынатын бүгінгі мақаламыз

Экономиканы өркендетуге және халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін тағы бір бағыт – ақпараттық технология салаларын қамтитын креативті индустрия. Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десеңіз, креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күшке айналуда. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен. Дегенмен дарынымен бүкіл әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз аз емес.Біз елімізде креативті экономиканың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасауымыз керек. Соның ішінде, зияткерлік меншікті қорғайтын құқықтық тәсілдер қажет. Бұл – өте маңызды мәселе.

Қазіргі экономикада инновациясыз бір­де-бір түбегейлі міндетті шешу мүмкін емес. Әр ел өз экономикасының, даму деңгейінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жаһандық инновациялық эко­но­микада өз тетігін табады. Қазақ­станның артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, матема­ти­калық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Соңғы жылдары әлемдік экономи­ка­да білім мен инновацияны маңызды экономикалық ресурстар ретінде пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Қазір материалдық игіліктерді жасау көп жағдайда ғылымның жалпы деңгейі мен техниканың прогресіне немесе осы ғылы­мның өндірісте қолданылуына тәуелді.

Жуырда ғана ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми әлеуметімен танысты. Алдымен академияның Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Пеями Батталмен кездесті. Басқосуда өңірдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, екі тарап ғылымды дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар Түркия мемлекетінің TÜBİTAK ұйымына қарасты институттарға ҚР делегациясының, оның ішінде Түркістан облысы өкілдерін үйлестіру жөнінде айтылды.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья жұмыс сапарының негізгі мақсатына тоқталып, өңірлерді ғылымға үлкен назар аудару керектігін тілге тиек етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *