ТҮРКІСТАН: ХАКЕРЛІК ШАБУЫЛДАРҒА ЖИІ ҰШЫРАЙТЫН САЛАЛАР

Карантин кезінде Қазақстан аумағында банк секторы айрықша шабуылға ұшырады. Оқиғалардың басым бөлігі банктердің интернет-ресурсының эмуляциясына байланысты болды. Мұнда онлайн-сауалнама немесе авторизация қажеттігі сылтауымен пайдаланушыны интернет-банкингтегі «Жеке кабинет» немесе несие картасының деректерін қалдыруға итермелейді. Сонымен бірге, қаскөйлер азаматтардың қаржылық мұқтаждығын пайдаланып, жалған Telegram-боттар, сауалнама-сайттарын құрып, қарапайым сауалнамадан өтіп, ақшалай сыйақы алу ұсынылған.

Биыл әлеуметтік инженерия пайдаланылатын vishing түріндегі алаяқтық жағдайлары жиі орын алды. Бұл жағдайда қаскөйлер телефон арқылы белгілі бір рөлді (банк қызметкері, сатып алушы және т.б.) атқарып, түрлі сылтаумен карта иесінің құпия ақпаратын алады немесе карталық шотымен/несие картасымен белгілі командаларды жасауға итермелейді.

Онлайн саудада нені ескеру керек?

Соңғы уақытта қазақстандықтар онлайн саудаға басымдық беріп, карта арқылы көптеген онлайн төлемдер жүргізеді. Мұнда заңсыз бұзулар мен жеке деректердің жария болуы қаупі жоғары болғандықтан, KZ-CERT қызметі бірқатар кеңес береді.

Ең алдымен, тексерілген интернет-дүкендерді ғана пайдаланып, интернет-дүкенінің браузердегі атауын, тауар немесе қызметтер туралы пікірлерді мұқият тексеру қажет. Сатып алуды интернет-дүкендердің ресми қосымшалары арқылы ғана жүргізіп, мүмкіндігінше интернет-сауда үшін қосымша немесе виртуалды картаны және бөлек поштаны пайдаланған жөн.

Сатып алуды қоғамдық Wi-Fi желілерінде орындамау керек немесе жай ғана қоғамдық желілерді пайдаланбаңыз. Хабарландыру сайттарындағы бейтаныс адамдарға тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем жасамаңыз. Картадағы интернет-сауда мен аударымдарға шектеу қойғаныңыз абзал.

Айта кетейік, Ұлттық киберқауіпсіздік индексі бойынша елдер арасындағы рейтингте Қазақстан әлемде 176 елдің ішінде 78-орында. ҚР индексі 48,05% — (максималды мүмкіндік 100%) халықтың цифрлық даму деңгейі 60,18%-ға жетті. Ұлттық киберқауіпсіздік индексі — елдердің киберқауіптің алдын алуға және киберқауіпті басқаруға дайындығын өлшейтін жаһандық операциялық индекс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы