ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ

Бүгінде әлем елдерінің өмірінде цифрлық технологияның дамуы шешуші рөл атқарады. Ол эко­номика­ның барлық саласын қамты­ған, онсыз ілгерілеу жоқ. Өркениет көш басындағы мемлекеттердің бар­лығы дерлік сандық жүйеге ертелі-кеш көшіп алған. Қазақстан да тәуел­сіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде бұл бағытта біршама табысқа қол жет­кізді.

Айта кетейік, Қазақстан бірінші болып мектептерді жаппай компьютерлендіру ісін қолға алды. Сонымен қатар компьютерлер түрлі мекеме-ұжымдардың кеңселерінде, жекелеген үйлерде пайда болып, негізгі ақпараттық құрал ретінде қолданыла бастады, содан бері компьютер өмірімізде үйреншікті дүниеге айналды. 2000 жылдардан бастап технологиялық процестерді автоматтандыруға күш салынып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Одан кейін жаңа деңгейге көтерілу үшін жаңаша көзқарас пен жаңа әдістер, сондай-ақ технологиялық өзгеріс қажет болды. 2011 жылғы 18 қаңтарда ұлттық жерсеріктік OTAU TV телерадиохабар тарату желісі іске қосылды. Бүгінде ұлттық оператор қызметін пайдаланатын үй шаруашылықтарының саны миллионға жетті. Цифрлық стандартқа көшкен сәтте, Қазақстанда жерсеріктік жүйе абонентінің саны небәрі 6 300 болғанын ескерсек, бұл көрсеткіш аталған қызметтің халық арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді. Бұл ауыл тұрғындарына қатысты, өйткені оның абоненттерінің 70 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Жалпы, елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын сәтті басталған. Мәселен: eGov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Бұл жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізуге болады. Кез келген қазақстандық­тың үйде отырып құжат рәсімдеу, комму­нал­дық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін төлеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ онлайн сауда нарығы дамып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстандағы цифрландыру жүйесі едәуір өскенін байқауға болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *