ТҮРКІСТАН: ІТ САЛАСЫНДА ЖАҚСЫ ТАБЫС ТАБУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ІТ-де жақсы табыс табу үшін не істеу керектігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз.  Бірінші кезекте, логиканы жақсылап дамыту керек. Ақыл, зеректік секілді қасиеттерді туабіткен дарын деп ойламаңыз. Кез келген адам логикалық ойлау қабілетін жоғары деңгейде дамыта алады. Екінші кезекте, жалданып жұмыс істесеңіз де, жасап жатқан өніміңізге туған балаңыздай қараңыз. Өнімді белгілі бір компанияға қалдыратыныңыз анық, алайда осы өнімді құрастыру кезіндегі білімді өзіңізбен бірге ала кетесіз.

Үшіншіден, үздіксіз ізденіс үстінде болу. Басқаларына қарағанда IT саласында өзгерістер көп әрі жылдам жүреді. Осы өзгерістерден қалмау үшін ізденуді әдетке айналдыру қажет. Төртінші керек қасиет – табандылық пен төзімділік. Бірде қатені 3 күн бойы іздегенім есімде. Яғни, код бірден дұрыс шықпауы мүмкін. Осындайда жоғарыдағы екеуі айнымас серігіңізге айналады.

– Бағдарламашы болу үшін ЖОО-да оқу шарт па? Әлде курстар оқып өз бетінше ІТ маман болуға бола ма?

Шарт емес. Менің байқағаным университетті тәмамдағандар немесе төртінші курста оқып жатқандар осы саланы курстар арқылы тереңірек меңгергендерге қарағанда мықты болып келеді. Курстар ары кетсе 6 айға созылады, ал университетте ұзағырақ оқытады. Бағдарламашы өте жылдам дамып келе жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Егер бір рет алған біліммен қалып қоя беретін болса, онда қажетсіз маманға айналады.

– ІТ-ші болу үшін қандай пәндерді жақсы оқу керек? Математиканы жақсы оқымаса да, ІТ маман болуға бола ма?

– Математиканы жақсы оқымай-ақ бағдарламашы болуға болады. Бірақ, мен көрген мықты бағдарламашылардың бәрі математиканы жақсы білген. Өйткені, математика логиканы жақсы дамытады. Сол себепті, болашақта ІТ-маманы болғысы келетін кез келген жан математика білімін жетілдіруі керек. ІТ-де мүмкіндік көп. Мансап өсуі үшін статистика, логика, анализ секілді математиканың бөлімдері бәрібір керек болады. Математикадан бөлек, ағылшын тілін жақсы оқуға кеңес берер едім. Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де ең маңызды талаптардың бірі. Сондай-ақ, аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді дейді мамандар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы