ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ПЛОГГИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Кентау қаласы Хантағы ауылындағы тау баурайында қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен еріктілер арасында жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни плоггинг шарасы өтті. Ол — салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым.
«Таза Қазақстан» аясындағы шарада қатысушылар 6 топқа бөлініп өзара бақ сынады. Онда әр топ мүшелері жүгіріп отырып, тау баурайы мен өзен-сулардың жағалауларын қоқыстан тазартты.
Акцияға белсенді қатысып, үздік атанған топтарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, тазалық шарасына қаланың тазалығына жауапты мекеменің қызметкерлері де өз үлестерін қосты.
Акцияның басты мақсаты — спорттық шара арқылы экологиялық тазалықты қамтамасыз ету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы