Қай өңірде ең көп некелесу тіркелген?

Қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Бұл жылы отбасылық  мереке 8 қыркүйекке тұспа-тұс келді. Үстіміздегі жылдың 8 айында елімізде 43 мың жұп некелесіп, 265 мың сәби дүниеге келген.

Айта кетейік, ағымдағы кезеңде ең көп туу көрсеткіші Түркістан облысында – 30 973, Алматыда — 29 002, Шымкентте — 23 935 және Астанада – 23 330 бала тіркелді. Ал, Ұлытау облысы – 2 821, Солтүстік Қазақстан облысы — 4 313 көрсеткіштерімен туу көрсеткіші төмен өңірлер болып есептеледі.

Сонымен қатар, 8 айдың ішінде ең көп некелесу Алматы қаласында тіркелген. Бұл өңірде – 14 059 жұп тіркелсе, екінші орында Астана  — 9 258, үшінші орында Түркістан облысы – 6 132 неке заңдастырылған. Ажырасу санынан да көш бастап тұрған Алматы мен Астана. Жыл басынан бері 13 710 отбасы ажырасуға ниет білдірді.

Еске сала кетейік, неке қию туралы өтініш 15 күнтізбелік күн бұрын берілу керек. Аталмыш қызмет электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы онлайн режимінде қолжетімді. Жас жұбайлар АХАТ бөлімінде некелерін салтанатты түрде қиятын болса, қосымша қызметке тапсырыс бере алады. Бүгінгі таңда бұл пилотты жоба Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Ақмола (Щучинск және Бурабай) облыстарында жүзеге асырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *