ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың жеке қабылдауына ауыл тұрғындары келіп, түрлі жеке мәселелерін жеткізді. Қабылдауға дербес бөлім және тиісті сала басшылары қатысты.

Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғыны Малахат Абырова тұрғын үй алуға көмектесуін сұраса, АШБ «Тұран су» МКК өкілі Бауыржан Назбеков Сауран ауданы әкімдігіне берілген техникаларының жалға берілген қаржыларын мерзімінде төлеуді алға тартты. Бұдан бөлек, Құралтай Саликбаева ардагерлерге берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін көбейтуді және оларға шипажайларға емделуге жолдама беруін мәлім етті.

Сонымен бірге, Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны Елмұрад Өтенов тұрғын үй құжаттарын заңдастыруды, Асқар Исабеков Д.Қонаев көшесін жарықтандыруды, Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны Оралхан Жанбеков ауылдық округтен жанар-жағар бекетін салуға жер қарастырып беруін, Оранғай ауылдық округінің тұрғыны Шахиста Абдусаттарова, Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны Надир Акешов тұрғын үйлерінің құжаттарын заңдастырып беруін жеткізді.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін жеке-жеке мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *