ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

3 просмотров

 

Сауран аудандық Әжелер алқасының құрамында
30 — дан астам әжелер бар.
Ақ жаулықты әжелер қоғамдық жұмыстармен қатар референдумнан шет қалмай, белсенді атсалысуда.

Референдум — мемлекеттік маңызды мәселелерді халықтың таңдауына салу арқылы еліміз халықтың пікіріне құлақ асудың, халық ойымен санасудың үлгісін көрсетуде.

Сауран ауданындағы референдум учаскелеріне келушілердің қарасы қалың. Өз таңдауы ел тағдырын шешетінін түйсінетін саурандық әжелер №68 референдум учаскесінде өз таңдауларын жасап, бюллетеньдерді жауапкершілікпен белгілеуде.

“Болашаққа жаңа бағытта бет алған мемлекетіміз үшін бұл референдумның орыны ерекше” — дейді әжелер алқасының мүшелері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *