ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЫЛУ ТАРИФІ ЕҢ ТӨМЕН АЙМАҚ

Кентау қаласында 2015 жылы жылу тарифі — 153,36 теңге болса, 2017 жылы — 136,42 теңге, ал 2018 жылы — 103,88 теңге, ал 2023 жылы — 78,5 теңгеге төмендеген болатын. Жылу орталығындағы отын шығындары мемлекет тарапынан өтелуіне байланысты уақытша өтемақы тарифі есебінен төмендетілген. Уақытша өтемақы шығындары өтелген соң, заңға сәйкес тариф қайта қаралады.
Биыл Түркістан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің 2024 жылдың 2 тамыз айындағы бұйрығына сәйкес, жеке тұлғалар, пәтерлер мен жер үйлердің жылуға төлемі шаршы метрі 92,51 теңге (1898,5 теңге/Гкалл), ал коммерциялық нысандар мен дүкендер 3566,47 теңге/Гкалл, бюджеттік мекемелер 27455,82 теңге/Гкалл болып бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *