ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАНДА ТИКТОКҚА ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ МҮМКІН

 

Жас ұрпақтың күн-түн демей, телефонға шұқшиюы, оның қоғам өмірінен алшақтауы, қоғамдық коммуникацияны білмеуі – оларды қиялдағы әлеммен өмір сүруге, солай әрекет етуге жетелеуде. Жоғарыдағы мысалдар соның айқын көрінісі. Қоғамды алатайдай бүлдіріп отырған Tik-tok. Бұл әлеуметтік желіні пайдалануға Қытайда ғана емес, көршілес Қырғызстанда да тыйым салынып жатыр. Осыған орай, журналистер Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға Tik-tok желісінің тағдырына қатысты сұрақ қойды. Бұл жағдайға қатысты министр әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялаған болатын.

«Тікtок желісінде көбінесе балалар отырады. Ол жерде түрлі сөздер айтылады. Тіпті, адамдар бал ашып, болжаймын деп ақша жасайды. Кез келген мемлекетте бір жағдайға ғана қарап шешім шығармайды. Барынша жан-жақты мәселені саралап, сараптап барып қана шешім шығарады. Комплексті қарап, комплексті түрде игеріп барып қана шешуге тырысады. Басқа сұрақ бойынша, барлық шешімді 100 пайыз тамаша деп айта алмаймыз. Барлық мемлекеттер қабылдап жатқан шешімді біз де ескеріп, ол тақырыпты игеріп, саралап көреміз.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілердегі материалдарда құқық бұзушылық фактілер көбейіп кеткен. Оның барлығы біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал тигізсе, әлбетте осындай шешім қабылдауға тура келеді. Бұл мәселені әлі қарастырып жатырмыз. Талқылаулар әлі жүргіземіз, — деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Елімізде көптеген зиялы қауым өкілдері «Ұрпақ тәрбиесі ұлттық өзектен ажырап бара жатыр» деп дабыл қағуда. Мұны осыдан 115 жыл бұрын Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» атты жинағында «Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы» деген өлеңінде жариялаған екен.

Ескендір ЕРТАЙ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *