ЦИФРЛАНДЫРУ: САЛАДА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ЖЕТЕРЛІК

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы осыдан төрт жыл бұрын қабылданған болатын. Бағдарлама мақсаты – ел экономикасын барынша дамытуды қолға алу және цифрлық технологиялар негізінде тұрғындардың өмір сапасын жақсарту. Осы ретте Түркістан облысында интернет сапасы мен цифрландыруға қатысты бірқатар жаңашылдықтар орын алуда. Оның ішінде атап айтар болсақ, ең бірінші және ең өзекті мәселе бұл интернет сапасы. Мысалы, төрт жыл бұрын 838 елді мекеннің 380-і 3G, 4G мобильді интернетімен, 306 елдімекен 2G байланысымен қамтылса, 152 елдімекенде мүлдем байланыс болмаған. Ал қазіргі таңда 658 елдімекенде 3G, 4G мен 111 елдімекен 2G, ал мүлдем байланыс жоқ елдімекендер саны 62-ге қысқарды. Одан бөлек, басқарма тарапынан бірнеше сәтті жобалар іске асырылды. Оның ішіндегі атап өтетін тиімді жоба, бұл  облыстағы мемлекеттік органдардың байланыс арнасы қызметін оңтайландыру. Осының арқасында соңғы үш жылда 929 млн теңге қаржы үнемделді. Ал осы жылдың шілде айында Түркістан облысының «109» байланыс орталығы іске қосылды. Бүгінгі таңда 10231 өтініш өңделді, оның 209-і мерзімі кешіктіріліп орындалған. Орталықтың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Цифрлық даму орталығы» КММ құрылды. Өткен мәслихат сессиясында 36 штатқа айлық жалақысы бойынша қаржысы бекітілді. Орталықтың негізгі атқаратын жұмысына 109 байланыс орталығы, кабельдік кәріздер, әкімдіктің ситуациялық орталығы, жобалық кеңсе, облыстағы ауылдық елді мекендердің байланыс сапасына талдау жұмыстарын жүргізу жатады.

Ал ауылдағы баяу интернет мәселесін қалай шешуге болады. Осы мәселеге қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, осы жылы мектепте пилоттық режимде 20 Мбит/с жылдамдықпен шексіз трафикпен сымсыз радиорелелік (РРЛ) байланыс жүргізілді. Бұл тұрақты интернетті қамтамасыз етуі керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *