ТҮРКІСТАН: ПОЛИЦИЯ АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНБАУҒА ШАҚЫРДЫ — 2

Полиция қызметкері шұғыл түрде тексерген кезде шынында да әлгі тұрғынның атынан біреулердің несие алуға әрекет жасап жатқанын көреді. Содан жедел іске кірісіп, тұрғынның ұялы телефонынан «eGov» мобильді қосымшасы арқылы 6 ай мерзімге ерікті түрде несие алудан бас тарту деген бөлігін белгілейді. Соның нәтижесінде алаяқтық қылмысының алдын алып, тұрғынға жәрдем етеді.  Осылайша полиция қызметкерінің жедел әрекеті арқасында жымысқы әрекетке тосқауыл қойылды.

Бірер сағаттан кейін полицияға тағы бір тұрғын дәл сондай шағыммен келеді. Оның атынан белгісіз біреу 1 миллион теңге несие алып қойғаны белгілі болды. Оның атынан тағы да бірнеше банкке несиеге өтінім тасталғанын байқаған полиция кіші сержанты Арнұр Шалқар, бұл ер адамның да телефонынан несие алудан бас тарту функциясын басып, бұғаттап береді.

Өз кезегінде тұрғындар жас та болса, қолдан келгенінше қолғабыс етіп, қылмыстың алдын алған А.Шалқарға алғыстарын жаудырды.
Міне, айта берсе, алаяқтыққа айтатын мысал көп. Жалпы ел ішінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде есірткімен байланысты 2 мыңнан астам интернет сайттар мен әлеуметтік желі парақшалары анықталып, ақпараттық жүйеге бұғаттауға енгізілген. Осы бағытта атқарылған жұмыстар нәтижесінде 100 интернет-алаяқтық қылмысы ашылып, оларды жасаған 38 тұлға ұсталып, жауапқа тартылған. Оның ішінде 16-ы қамауға алынды. Бес айдағы азаматтарға келтірілген шығын көлемі 354 млн теңгеден асады, оның 57 млн теңгесі кері қайтырылған және есепшоттары бұғатталған.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін Полиция департаментінде тәжірибелі қызметкерлерден құралған «Киберпол» жұмыс тобы қызмет атқаруда. «Киберпол» барлық қажетті замануи құрал-жабдықтармен, ақпараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *