Есірткіні таратудың алдын алу бойынша білім беру және жастар бос уақытын өткізетін орындарда, интернет кеңістігінде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Интернеттегі мониторинг жұмыстарының нәтижесінде синтетикалық есірткі таратуы мүмкін 48 ақпараттық сайт анықталып, Ішкі істер министрлігінің «Киберқадағалау» бағдарламасына сараптамаға жолданып, бұғатталды.
Осы жылдың 8 айында синтетикалық есірткілермен байланысты 8 дерек анықталды. Олар бойынша 13 грамм 8352 милиграмм синтетикалық есірткілер тәркіленді. Есірткімен байланысты қылмыстар бойынша 125 тұлға, теріс қылықтармен 61 тұлға құрықталған. Оның ішінде Қазақстанмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей азаматтары да бар. Үкіметтің 2024 жылдың 20 наурыздағы №240 Қаулысымен «Трамадол» дәрілік препараты «психотроптық заттардың» қатарына енгізіліп, Қаулы күшіне енген соң 7 сәуірден бастап 33 қылмыс анықталды.
Өңірде полиция, облыстағы денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, «Жастар ресурстық орталықтары», үкіметтік емес ұйым өкілдерінің және нашақорлық профилактикасына байланысты басқа да ведомства өкілдерінің қатысуымен мектеп оқушылары мен студент жастар арасында 92 профилакикалық іс-шара өткен. Нашақорлыққа және есірткіге қарсы түрлі профилактикалық іс-шараларға 40244 адам қатысқан. Жастар аасында спорттық және мәдени іс-шаралар, тренигтер өткізіліп келеді.
Халық арасында есірткіге және нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында облыс әкімі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресуге бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб төрағасының ықпалымен көшелер мен қоғамдық орындарда есірткіге қарсы әлеуметтік жарнамалары бар билбордтар орналастырылып, БАҚ-та түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі