ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ IT УНИВЕРСИТЕТІН АШУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан қаласында IT саласы мамандарын даярлайтын халықаралық университет филиалы ашылуы мүмкін. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды АҚШ-тың АҚШ Penn state (Пенсильвания) университетінің Түлектер бағдарламалары және халықаралық бағдарламалар жөніндегі деканы Стивен Барнсты қабылдады. Кездесуде университет филиалын ашу бастамасының алғышарттары талқыланып, әріптестікті нығайту жолдары қаралды.

– Еліміздің ең көне қалаларының бірі – Түркістанға қош келдіңіз! Түркістан қаласында IT университет филиалын ашу мәселесіне қолдау көрсетіп жатқаныңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. 2018 жылы Түркістан облысы құрылғалы бері бері бұл қалаға тартылаған инвестиция көлемі едәуір артқан. Қала құрылысында заманауи сәулет үлгілері қолданылды. Жаңа жұмыс орындары ашылып, халық саны өсіп келеді. Облыстың екі миллионнан астам тұрғыны бар. Түркістан бұрын Қазақ хандығының астанасы болған. Қалада түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Бүгінгі таңда облыста 2 университет бар. Қазіргі дәуір – цифрландыру дәуірі екенін ескеретін болсақ, өңір жастары үшін IT бағыты бойынша жоғарғы оқу орнын ашу қажеттілігі бар. Сондықтан Түркістан қаласында IT университетінің филиалын ашуды қарастыруды ұсынамын. Осы жоба аясында облыс әкімдігі тарапынан барлық қолдау көрсетіледі, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге әзір екенімізді хабарлаймын. Біз тұрғындарымызға заманауи оқу ордасын ашып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауымыз керек, – деді Дархан Сатыбалды.

Стивен Барнс Түркістанның тарихи орнына тоқталып, қаланың дамып жатқанына, өңір басшысының құрметпен қабылдағанына ризашылығын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *