ТҮРКІСТАН: ОН АЙДА 17 МЫҢНАН АСТАМ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ТІРКЕЛГЕН


Polisia.kz хабарлағандай ең көп тараған тәсіл – сайттарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыру орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Алаяқтар тауар немесе қызмет үшін төмен баға көрсетіп, алдын ала төлем немесе толық төлем сұрайды. Жыл басынан бері осындай 6216 қылмыс тіркелді.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек? Ол әркімнің өз қолында. Құқық қорғау органдары қарапайым сақтық шараларын тағы да еске салады:
— тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз;
— тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасау туралы келісіңіз;
— тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз.
Сондай-ақ тұрғындар күмәнді брокерлік компаниялар мен инвестициялық жобаларға инвестиция салу арқылы ақшаны тез көбейтудің түрлі схемаларына тап болуда. 1957 қазақстандық тұрғын осындай жүйенің құрбаны болды. Олар өз ақшаларын “жоқ” инвестициялық жобаларға салған. Тіпті бұл үшін несие алғандар да бар. Алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте “менеджерлермен” және “брокерлермен” барлық қарым-қатынас онлайн режимде өтеді. Қаскөйлер үлкен қаржыны тарту үшін дивидендтерді бір рет төлеуді де жүзеге асырады.
Жиі кездесетін тағы бір әдіс – банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің атынан жасалатын телефон қоңыраулары. Қазір шетелден жасалған алаяқтық қоңырауларды байланыс операторлары танып, бұғаттайды. Аталған жүйе іске қосылған сәттен бастап 63 миллионнан астам қоңырау тоқтатылды. Қазір негізінен sim-box құрылғысының көмегімен шетелдік нөмірлерден және WhatsApp-та қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде. Aғымдағы жылы мұндай 4391 қылмыс жасалды. ІІМ киберқылмыстардың алдын алуға және оларды ашуға бағытталған шаралар қабылдап келеді. Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Байланыс операторларымен фрод-қоңырауларға қарсы іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды. Осындай келісімдерге хабарландыру сайттарымен және ЦАРКА IT-компаниясымен (Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы) қол қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *