КЕНТАУ ҚАЛА ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Азия чемпионатында жеңімпаз, жүлдегер атанған спортшылармен және жаттықтырушыларымен кездесті.
Кездесуде қала абыройын асқақтатқан спортшыларға алғыс білдіріп, алдағы үлкен додаларда еліміздің байрағын көкке көтеретініне сенім білдірді.
«Сіздер – қаламыздың мақтанышы, еліміздің үмітісіздер. Бүгінгі кездесуді пайдалана отырып, сіздерге алғысымды білдіремін. Әрбір жарыста ел намысын абыроймен қорғап жүргендеріңіз үшін ризашылығымды айтқым келеді. Алда сіздерді әлі талай белес, үлкен додалар мен жарқын жеңістер күтіп тұр. Біз сіздерге сенеміз!»,деді қала әкімі.
Құттықтаудан соң қала басшысы жеңімпаздар мен жаттықтырушыларын марапаттап, сый — құрмет көрсетті.
500690012 3659138287719790 1716177063001256026 N
Айта кетейік, Анарбаев Бахтияр — 2025 жылы Шри-Ланка елінің, Коломбо қаласында өткен бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында 67 келі салмақ дәрежесінде – І орын алтын медаль иегері атанды. Азияның 3 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының қатысушысы, ҚР-ның 6 дүркін чемпионы, бокстан ҚР-ның спорт шебері.
Танкибаева Айым — 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатындақыздар арасында 48 келі салмақ дәрежесінде – І орын алтын медаль иегері. Азияның 2 дүркін күміс жүлдегері, ҚР-ның 2 дүркін чемпионы, VI Жастар ойындарының жеңімпазы.
Уалихан Шоқан — 2025 жылдың 13-18 сәуір күндері аралығында Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында өткен Азия және Океания Чемпионатында 46 келі салмақ дәрежесінде – І орын алып, Азия чемпионы атанды.
Абақова Адина — 2025 жылдың 13-18 сәуір күндері аралығында Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында өткен Азия және Океания Чемпионатында 72 келі салмақ дәрежесінде – ІІ орын,күміс медаль иегері.
Жамалхан Нұрхан- 2025 жылдың 13-18 сәуір күндері аралығында Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында өткен Азия және Океания Чемпионатында 98 келі салмақ дәрежесінде – ІІ орын, күміс медаль иегері. ҚР-ның 4 дүркін жеңімпазы, Әлемнің қола жүлдегері
502551914 3659138334386452 1276380183334752380 N

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *