ТҮРКІСТАНДА ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «АҚЫЛДЫ АНА – САНАЛЫ БАЛА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ақылды ана – саналы бала» байқауы өтті.
Аталған байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Бірлікті бекемдеген байқауға Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан 35-55 жас аралығындағы этнос өкілдері аналары мен 7-15 жас аралығындағы балалардың қатысуымен өтті. Байқау үміткерлері III кезеңнен тұратын номинация бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде қатысушы жұп өзін таныстырса, екінші кезеңде ана мен бала өз өнерін көрсетті. Өз өнерінде баланың бос уақытты тиімді пайдалануы және қоғамдық, мәдени шараларға, мәселен, ән, би, сурет, қолөнер, спорт түрлеріне қатысуы назарға алынды. Ал үшінші кезеңде қатысушылар қоғамның бес кеселін (нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдықты) болдырмау, оның алдын алу бойынша қойылым көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың отбасы құндылықтарын насихаттау барысында шығармашылық және сахналық мәдениетіне, ана мен баланың үйлесімділігіне, үміткердің өзін ұстау мәдениетіне, сондай-ақ көшбасшылық қасиеттерін негізге алып «Ақылды ана – саналы бала» байқауында «Домалақ ана ізбасарлары» аталымымен ІІ орын иеленгені үшін аудандық күрді этномәдени бірлестігінің жетекшісі Надирова Гулизар Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *