«АУЫЛЫМ АЛТЫН БЕСІГІМ» АТТЫ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ МЕН КЛУБТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ САУРАН АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Ауылым – Алтын Бесігім» ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы байқау Сауран ауылдық клубында жалғасын тауып, ауыл өмірінің қазынасы мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Сахна төрінде ақ кимешекті әжелер өз орындарын алды. Әжелер ұлттық тағамдарды даярлап, жиналғандарға дастархан мәзірін ұсынды. Баурсақ, қымыз, құрт сынды дәмді тағамдар қазақтың дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде ерекше құрметпен ұсынылды. Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі қолөнер көрмесі де көрсетіліп, тарихымен таныстырылды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сауран ауылының танымал тұлғалар мен зиялы өкілдерінен стенд қойылды.
Мерекелік көңіл-күй ән шырқалып, көрермендерге керемет әсер қалдырды. Сауран ауылдық клуб меңгерушісі Сейтова Гүлжан ауыл жастарының өнері мен мәдениетін ән-күй арқылы көрсете білді.
Ән орындаған жергілікті өнерпаздар халықтың сүйіспеншілігі мен қолдауына ие болды. Іс-шара ауылдың бірлігі мен ынтымағын тағы да бір мәрте дәлелдеп, қатысушыларға жақсы әсер қалдырды.
Сонымен қатар ауыл жастарының қатысуымен “Әке қадірі” атты көрініс сахналанды. Әкенің бала деген сүйіспеншілігін,мейірімділігін осы көрініс арқылы жеткізе білді.
Осындай шаралар ауылдың рухын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге септігін тигізері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *