Бадам ауылындағы спорт кешенінде бокстан қыздар арасындағы облыс чемпионатының жалауы көтерілді. Аталған дода белгілі бапкер Айнабек Ұзақбайұлының жүлдесіне арналып ұйымдастырылып отыр. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз қатысып, турнирдің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ұйымдастырушыға аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, иығына құрмет шапанын жапты.
Төрт күнге жалғасатын чемпионатқа облыстың барлық аудан-қалаларынан келген үздік 156 спортшы қыздар қатысып, түрлі салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтамақ. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталады.
