Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Шұбар елді мекенінің тұрғыны Берік Пірәлі «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 7 200 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылқы бордақылау ісін бастаған. Шаруа осы қаражат есебінен 18 бас жылқы сатып алған. Сондай-ақ, 18 тонна шөп пен арпа түсіріп, қора-жайға қажетті құрал-жабдықтарға 1,3 млн теңге жұмсаған.
Бүгінде шаруашылық ай сайын табыс әкелуде. Жылқы бордақылаудың орташа айналымы 90–120 күн аралығында. Осы кезеңде әр малдан 70–90 мың теңге пайда түседі. Шаруаның айтуынша, кәсіп басталғалы отбасының тұрмысы жақсарып, табыс тұрақталған. Кәсіпкердің алдағы жоспары – мал басын 50 басқа дейін көбейту. Сонымен қатар, шағын жем-шөп қоймасын салуды, қосымша бірнеше адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
