ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «BRAIN MASTER – 2025» БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жетісай ауданына қарасты І.Есенберлин атындағы №54 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы Әсел Бөкенбай Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен Халықаралық «BRAIN MASTER – 2025» білім бәйгесінде ағылшын тілі бағыты бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Жыл сайын әлемнің әр түкпірінен мыңдаған дарынды оқушыларды жинайтын бұл зияткерлік додада бақ сынау – кез келгеннің қолынан келе бермейтін жетістік. Осындай ауқымды білім сайысында облыстың ғана емес, бүкіл қазақ елінің абыройын асқақтатқан Әселдің бұл жеңісі – зор мақтаныш. Жас таланттың халықаралық деңгейдегі жеңісі оның өз еңбегінің, ұстаздарының тәлімі және ата-анасының қолдауының нәтижесі екені сөзсіз. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы Әселдің биік белестерді бағындыруына сенім білдіріп, оған әрі қарай да шығармашылық табыс тілейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *