ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан қаласында инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жоспарға сай жүзеге асып келеді. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы аймақтағы құрылыс, көгалдандыру және инженерлік бағыттағы жұмыстардың орындалу барысын бақылап, жұмыс қарқынымен танысты.
Алдымен Жаңа қала аумағындағы құрылыс қалдықтарын толық жою және нысандардың сыртқы қоршауларын ретке келтіру жұмыстары назарға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстардың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда болып, жауапты сала өкілдерімен тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады. Қаладағы негізгі көшелер Саттарханов даңғылы мен әуежай тас жолы бойында да көгалдандыру жұмыстары қарқынды. Аталған аймақта жалпы саны 15 000 түп раушан гүлі отырғызылуда.
Сондай-ақ, «Жібек жолы» тұрғын үй кешені жолындағы 26-көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жол сапасы, инфрақұрылымдық талаптардың орындалуы және жұмыс кестесіне сәйкестігі мұқият тексеріліп, тараптардан тиісті ұсыныстар берілді. Айта кетейік, 5,2 гектар аумақты қамтитын «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Арендалық және несиелік үйлерден құралған кешенде 344 пәтер бар. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 75 пайызы аяқталған.
Сондай-ақ, қала әкімі шаһардағы Өндірістік парк пен арнайы экономикалық аймақ аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды аралап, инфрақұрылымды ретке келтіру және тазалық деңгейін күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бүгінде онда 5000 түп ағаш отырғызылып, кіші өндірістік 5 ғимараттың құрылысы мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *