«АҚ МАРЖАННЫҢ» АВТОРЫ АРАМЫЗДА...

«АҚ МАРЖАННЫҢ» АВТОРЫ АРАМЫЗДА…

35 просмотров

«АҚ МАРЖАННЫҢ» АВТОРЫ АРАМЫЗДА...

Ақын әнге әр беріп, сазгер әннің сөзіне мән беретіні заңдылық.  Осы ретте тума таланттардың дарыны мен қаламының ұшталуы – туған жер топырағынан алған күшінің көрінісі болса керек. Кезінде түркістандық ақын Өмірбай Сәуірбай жырға қосқандай, «Түркістанда тумақ түгілі адамдар, Түркістанда тұрғанына мақтанған» деп киелі өңірдің құдіретін ерекше бағамдап еді. Кеше сол құт қонған мекенде рухани жиын өтті. Шараға мұрындық болып ұйымдастырғандар Шамет Лиза Төлегенқызының басқаруындағы Түркістан қалалық мәдениет үйі.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» ордені иегері, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, ақын – Баян Бекетованың 60 жылдық мерейтойына орай «Аппақ гүлге орайды жыршы бағым» тақырыбында өткен шығармашылық кешке  ақынын ардақтаған зиялы қауым өкілдері мен билік басшылары қатысты.

«АҚ МАРЖАННЫҢ» АВТОРЫ АРАМЫЗДА...

Орталық кітапханада ұйымдастырылған мәдени шараның бастамасы кеш кейіпкерін әсем әнмен сырттан күтіп алумен басталды. Мәдениет үйінің өнерпаздары ақынды қошеметтеп, залдың төріне жайғастырды. Шығармашылық кештің алғашқы сөзін алған Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы – Жарқынбек Құлбайымбетов пен  «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиал төрағасының бірінші орынбасары – Бейсен Дәулетұлы ақынға арнап ақ тілегін жаудырып, құттықтау хатын табыс етті.

«АҚ МАРЖАННЫҢ» АВТОРЫ АРАМЫЗДА...

«Ақын – ұлттың байлығы» деген Фариза Оңғарсынова. Қаламынан туған тың туындылар ақынның мол мұрасы мен ізін жалғар өрендерге қашанда аманат. Осындай тау тұлғалы авторға айтыскер ақын Тұрар Тілеулі кеш барысында арнауын арнап, шабытына шабыт қосты.

«АҚ МАРЖАННЫҢ» АВТОРЫ АРАМЫЗДА...

Жалпы, Баян Бекетова өңірімізге ғана емес, елімізге танымал ақын. Оның шығармашылығы нәзік өлеңдер мен бай туындыларға толы.  Сонымен бірге ІІ Халықаралық Түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты, «Сорос Қазақстан» Халықаралық қорының «Қазіргі заман поэзиясы» бәйгесінің жеңімпазы. Абай оқулары, ақындар мүшәйрасы мен бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі екендігімен көпшілікке етене таныс. Осындай кейіпкерге төрін берген  айтулы шарада авторға жылы тілектер арналып, ерекше естеліктер айтылды.  Солардың қатарында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері – Лиза Шамет Төлегенқызы Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы Аюповтың құттықтау хатын оқып, табыс етсе,  орталық кітапхана меңгерушісі – Гүлзада Малдыбекова және белгілі жазушы Әлима Хайдарова сөз алып, ақжарма тілектерін білдірді. Кеш иесінің замандасы Әкім Ысқақтың атынан авторға сый-сияпат та табысталды.

Орталық кітапхананың тұрақты оқырмандары мен кітапханашылар автордың отты өлеңдерінен үзінділер оқыса, мәдениет үйінің күміс көмей әншілері ақынның сөзіне жазылған бүгінде белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлының орындауындағы «Ақ маржан», «Балапан бақыт» әндерін шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

«АҚ МАРЖАННЫҢ» АВТОРЫ АРАМЫЗДА...

Шығармашылық кеш соңында ақын өмірі мен өнерінен сыр шертер сұхбат өріліп, ақынның сиясы кеппеген «Шолпы» кітабының тұсауы кесілді. Жиынға қатысқан әжелер алқасының мүшелері, ақ баталарын беріп, 60 жылдық мерейтой иесінің шығармашылығына шалқар шабыт тілеп тарасты.

Ақмарал Ғаниқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *