АҚТӨБЕЛІК АЗАМАТША ҚАМҚОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙҒА КЕЛІП ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

АҚТӨБЕЛІК АЗАМАТША ҚАМҚОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙҒА КЕЛІП ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

6 просмотров

АҚТӨБЕЛІК АЗАМАТША ҚАМҚОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕТІСАЙҒА КЕЛІП ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Өмірде жаны жомарт мейірімді жандар өте көп. Жомарттық жасау шекара немесе ұлт таңдамайды. Сондай жаны жомарт жандардың бірі Қабыланқызы Гулбарам апа.
Гүлмара Қабланқызы 25.09.1952 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданы Кендияқ елді мекенінің тумасы .Қазіргі таңда Ақтөбе қаласына қарасты Ақжар 2 мөлтекауданы Райымбек көшесі №24 уйдің тұрғыны. Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген ақ жаулықты ана.
«Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. . Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасының қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын естіп, азғантай болса да мұқтаж жандарға көмегім болсын деп осында келгенім бар еді» дейді Гүлбарам апа.
Қайырымдылық жасауға жаны құмар Гүлбарам Қабыланқызы 2 ірі қара мал сойып, оны 24 отбасыға таратып берді.
Атап айтар болсақ, Жетісай қаласындағы аз қамтамасыз етілген 6 отбасына, Жылы су ауыл әкімшілігіне 6 отбасына, Қазыбек би ауыл округінде 6 отбасына, Жаңа ауыл ауыл округінде 6 отбасына барлығы 24 жанұяға ет таратты. Одан бөлек Жетісай ауданының Асық-ата кентінде Жетісай қаласында орналасқан екі оңалту орталығына 37 кереует, 15 төсек үстелі (тумбочка) 15 киім ілетін шкаф, 15 матрац ,көрпе,жастық, жаялықтарымен сыйға тартты.
Өз кезегінде сөз алған Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы кең жүрекпен жасаған қайырымдылығына аудан тұрғындарының атынан шынайы ризашылығын білдіріп, Гүлбарам анамызға аудан әікімінің алғыс хатын табыстап, иығына камзол жауып, сый-сияпат көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *