Алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары өтті

Алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары өтті

4 просмотров

Алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары өтті

Рухани қаламыз Түркістанда қолға алынған істер өте көп. Қаланың сыртқы және ішкі келбетін әсемдеу, оны туристік орталыққа айналдыру маңызды болғанымен, қала халқының жай-күйінің жақсы болуы да сондай үлкен назар аударуды талап етеді. Биылғы жыл елімізде волонтерлар жылы болып бекітілгені белгілі. Елдегі соңғы орын алған оқиғалар кезінде бұндай еріктілердің қарапайым халыққа еткен еңбегі де орасан. #БізБіргеміз жобасы аясында атқарылған істер мен жасалған жұмыстар елге үлкен көмек болғаны жасырын емес. Осындай тағы да бір қолға алынған «Birgemiz: Úmit» жалпыұлттық жобасы да өз пайдасын тигізе бастады.

Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы еріктілерге алғашқы көмек көрсету және жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен адамның өмірін құтқару үшін білім мен практикалық дағдыларды үйрену мақсатында өткізілген сабақ. Отыздан аса азаматқа біліктілік үйреткен шара жоғалған адамдарды іздеуге, табиғи апаттар мен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі халыққа көрсетілер алғашқы көмекке негізделген.

Айта кетейік, бұл сабақтар «Birgemiz: Úmit» жобасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *