АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

65 просмотров

АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
ktk.kz

  Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары! Соңғы уақытта қаламызда алаяқтық қылмысының өсуі байқалып отыр. Көптеген қала тұрғындары алаяқтардың әр-түрлі әрекеттеріне алданып, материалдық шығынға түсіп қалуда. Яғни, елімізде алаяқтар азаматтардың сенімдеріне кіріп, алдап, алаяқтық жолмен қаржат табуда.

  Оның түрлеріне тоқталар болсақ, жұмысқа орналастырып беру, жер алып беру, несие алып беремін деп сенімдеріне кіру арқылы орын алатын болса, қазіргі таңда ең басты, көп орын алып отырған алаяқтық қылымысының түрі ол «интернет алаяқтық» қылмыс болып отыр. Себебі азаматтардың барлығы әлеуметтік желіні пайдалану көрсеткіші елімізде жақсы қарқын алып келе жатқаны белгілі. Сондықтан, азаматтар әлеуметтік желідегі ұялы телефон арқылы «Колесо» «ОЛХ»  сайттарына кіріп, өздерінің сатуға қойған заттарын, белгісіз тұлға ұялы телефон арқылы хабарласып, ол затты алу үшін, азамат туралы толық мәліметтін жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесін алып, олардың аттарынан банктерден онлаин несие алып отырған деректері де кездесіп отыр.

  Тұрғындардың ұялы телефон номерлеріне әр-түрлі смс хабарламалар келіп, ұтыстарға сиақыларға ие болдыңыз, сол үшін алдын ала қаражат салуыңыз керек деп, белгісіз тұлғалар тұрғындардың сеніміне кіріп, қаражатын иемденіп кетіп отырған деректеріде кездесіп отыр. Сонымен қатар тағыда интернет алаяқтықтың түрі, сайттарда заттарды тауарларды сатуға қойып, сол заттардың ақшаларын, азаматтардан алдын ала алып қойып, тиісті тауарды жеткізбей, ақшаларды заңсыз пайдаланып кетуде.

  Осы жоғарыдағы айтылғандардың негізінде қала тұрғыдарын, осындай алаяқтарға түсіп қалмауы үшін, азаматтар өздеріңіздің жеке куәліктеріңізді, өзіңіз туралы мағұлматтарды ешкімге айтпай немесе әлеуметтік желі арқылы белгісіз тұлғаға жолдамауларыңызды және толық аты жөні белгісіз азаматтардың тауар сатып алу-сату шарттары бойынша, толық тексеріп көзіңізді жеткізгенше олардың есеп шоттарына ақша салмауларыңызды ескертеміз.  

Берік Нышанбаев,

Түркістан қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *