АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДЫҚТА ТҮРКІСТАНҒА КЕЛУШІ ТУРИСТЕР САНЫН 5 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДЫҚТА ТҮРКІСТАНҒА КЕЛУШІ ТУРИСТЕР САНЫН 5 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

8 просмотров

АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДЫҚТА ТҮРКІСТАНҒА КЕЛУШІ ТУРИСТЕР САНЫН 5 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

Карантин әлемдегі өзекті мәселе. Бұл ахуал Түркістанның туризміне біршама кері әсерін тигізіп отырғаны айдан анық. Коронавирус індетінің отандық туризмге кері әсері өте зор болатындығын атап өту керек. Шектеу шараларының енгізілуіне байланысты биыл көшпелі туризм саласындағы шығын 70-80 пайызға жуықтайды деген болжам бар. Дегенмен, Түркістанда құрылыс жұмыстары бір мезетте тоқтағаны жоқ, жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Болашаққа сеніммен қарайтын халықпыз. Ендеше, ел болып осы індетке қарсы күресіп, бейбіт күндеріміз әлі алда деп сенейік. Жалпы Түркістан қаласына өткен жылы 1137917 турист келген болса, 2025 жылға қарай туристер санын 5 млн-ға жеткізу көзделуде.

Бүгінгі күнде облыс орталығында әкімшілік, әлеуметтік-мәдени, ғылыми, білім беру нысандары және іскерлік-орталықтар, тұрғын үй кешендері алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін құрылыс нысандары бой көтеріп жатыр. Бүгінгі таңда Түркістанда жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс жұмыстары күннен-күнге шырайлы шаһарға көрік беруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *