АМАНАТҚА АДАЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ ОСЫ БОЛСА КЕРЕК

АМАНАТҚА АДАЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ ОСЫ БОЛСА КЕРЕК

245 просмотров

АМАНАТҚА АДАЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ ОСЫ БОЛСА КЕРЕК

Түркістан қаласындағы құрылыс алаңында жүріп жатқан жұмыстардың барлығы бақылауда. Облысы әкімі Өмірзақ Естайұлы нысандарда жүргізіліп жатқан жұмыстармен жиі барып танысуда. Оқта-текте бір төбе көрсетіп, қалған уақытта жауапты өкілдерден немесе қала әкімінен сұрап отырса да ешкім ренжімес еді. Негізінде тәртібі солай емес пе? Бәлкім, басқа әкім болса қалай істер еді мұндай жұмысты. Мердігерлерге сапаға баса мән беруді тапсырып, оны әр кез өзі бақылауда ұстап, жұмыс қарқынын үдетпесе бәсеңдетіп жатқан жоқ. Облыс көлемінде басқа да өзекті мәселелер жетерлік. Өткен жылдан бері Арыстың еңсесін тіктеп, биыл Мақтааралдағы ағайынның жанын жайлап жүр. Елдегі індеттің зардабын айтпағанда шаруасы шаш етектен келетін өңірді өркендетуге қатысты қандай міндет болса да өз деңгейінде атқарылып жатыр деуге толықтай негіз бар. Осындай жұмыстардың ішіндегі ең негізгісі Түркістан қаласының құрылысына әлгіндей мәселелер елеулі кедергі келтіріп жатқан жоқ. Әрине, бұлай айтсақ ерсі болар, экономикалық тұрғыдан кереғар жағдайлар орын алып жатқан болуы мүмкін. Десе де ебін тауып түркі әлемінің түп мекенін түрлендіруді кідіріссіз жүргізіп келе жатқанын баса айтуымыз керек.
Өңір басшысы қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында: «Түркістан қаласының құрылысы мен сәулетінің сапасы өміршең де өзекті. Сондықтан бұл мәселе қатаң бақылауды қажет етеді. Сапада салғырттыққа жол бермейміз. Қалада сәулет өнерінің озық үлгілеріне айналар айтулы ғимараттар бой көтерген. Құрылыс ауқымы жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Ең бастысы, халыққа ыңғайлы, сапасы мінсіз болуы тиіс», – деп мердігерлердің жауапкершіліктерін тағы бір пысықтады. Бұл да болса дүйім жұрт қасиет тұтқан мекенді өркендету барысындағы аманатқа шынайы адалдық болса керек.

Бақытжан Букебаев,

Түркістан қаласы әкімдігі «Ішкі саясат» бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *