Амфитеатрдағы саяси пікірталастар қыза түсуде

Амфитеатрдағы саяси пікірталастар қыза түсуде

0 просмотров

Амфитеатрдағы саяси пікірталастар қыза түсуде

Халық қалаулысына үміткерлер арасындағы ашық аспан астында өтіп жатырған пікірсайыстар жалғасуда. Шараның екінші күні де тартысқа толы болды. Бұл күні ел алдында өз жобасын, ұсыныстарын таныстыру үшін 11 праймериз үміткері сөз сөйледі. Алдымен жеребе тартылып, онан сөз ортаға шыққан үміткерлер дайындап келген жобаларын ғана емес, көрермендер мен басқа үміткерлер атынан қойылған тосын сауалдарға тұшымды жауап табуға тырысты.

Үміткерлердің жастары әртүрлі. Егде тартқан аға буын өкілдері мен орта жастағы азаматтар да, жаңашыл көзқарасты өз жобасына ту қылып ілген жастарда табылады бұл тізімнен. Әр кезеңнің өзіндік ережелері де бар. Атап айтқанда, «Сұрақ-жауап» кезеңінде сұрақ қоюшыға 30 секунд берілсе, жауп беруші тарап өз ойын 3 минут ішінде түсіндіріп үлгеруі қажет.

Ашық пікірлер мен ойлардың ордасына айналған амфитеатр сахнасы қызыққа толы қызу талқының ортасы болған. Үміткерлердің әр сала бойынша өзіндік көзқарасы, жеке пікірі, ұсынар өзге жолы бары анық. Қайсысы көңілге қонымды, солардың халық қалаулысы боларына сенім мол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *