Аппақ-Ишан сәулет кешені ХІХ ғ.

Аппақ-Ишан сәулет кешені ХІХ ғ.

3 просмотров

Аппақ-Ишан сәулет кешені ХІХ ғ.

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан. Мешіт-медресе құрылысы 1840 жылдары бастау алып діни оқу орны ретінде 1927 жылға дейін қызмет еткен. Кешен құрылысына: медресе, мешіт, дәрісхана кіреді. Алғашқы кезде көптің көмегімен асарлатып осы мешіттің орнына қам кірпіштен шағын ғана мешіт тұрғызылған. Шаян ауылынан мешіт-медресе ашылғанын естіген халық, жан-жақтан ағыла бастайды. Шағын мешітте шәкірт тәрбиелеу үшін кең бөлмелер қажет болғандықтан, Қосым ишанның баласы Сейдахмет патша ағзамның шенеуніктеріне қайта-қайта барып жүріп, күйдірілген қыштан мешіт медресе тұрғызуға 150 рубль орыс ақшасын бөлдіріп, рұқсат алады. Сондай-ақ, жергілікті халықтың жинаған қаржысымен қоса мешіт-медресенің үш комплексті құрылысы басталып, бірнеше жылдарға созылған. Мешіт-медресе құрылысын Қосым баба бастап, баласы Сейдахмет жалғастырып, немересі Аппақ ишан аяқтаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *