ӘР ТҰЛҒА ҚОҒАМНЫҢ БІР БӨЛШЕГІ

ӘР ТҰЛҒА ҚОҒАМНЫҢ БІР БӨЛШЕГІ

162 просмотров

ӘР ТҰЛҒА ҚОҒАМНЫҢ БІР БӨЛШЕГІ

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Мақтаарал аудандық Ішкі Істер бөлімінің Пробация қызметі біргелікте аудандағы 14-29 жас аралығындағы істі болған жастармен «Сен өзгерсең сенің әлемің де өзгереді» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өткізді. Мақтаарал аграрлық колледжінде өткен жиынға түрлі себептермен істі болып, заң алдында жауапкершілікке тартылған, мерзімін өтеп шыққан немесе мерзімінен бұрын босатылған 28 жас қатысты. Аудандық пробация қызметі бөлімшесінің инспекторлары жалпы пробация саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың нәтижесі, алдағы жоспарлары жайында айтса, «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологтары жастармен еркін форматта әңгіме жасады. Пікірлерін тыңдап, ұсыныстарына құлақ түрді. Өмір, отбасы, қоршаған орта мен Отан жайындағы көзқарастарын тыңдады. Кез-келген мәселені ашумен емес ақылмен шешуге шақырды. Сонымен қатар, семинар-тренинг барысында бүгінде ел жастарына арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде кәсіпкерлік және білім беру салалары жайында кеңінен түсінік берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *