АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

57 просмотров

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы қаладағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай үйіне барып, мерекесімен құттықтады. ҚР Президенті Қ. Тоқаевтің, облыс әкімі Ө. Шөкеевтің және Ресей Федерациясынан жолданған төсбелгі мен өз атынан құттықтау хат және әкімдік қызметкерлерінің атынан теледидар тарту етілді.

Қала әкімі: «Бүгінгі бейбіт өміріміздің басты себебінің бірі — Ұлы Отан соғысындағы жеңісіміз деп білемін. Оған қатысқан азаматтарымыздың саны өте аз қалды. 2 млн. халқы бар өңіріміздің өзінде бар жоғы 40 шақты ардагер болса, қалада олардың саны — 4. Сондықтан, бізге жарқын ғұмыр сыйлаған азаматтарды құрметтеп, сыйлауымыз қажет. Әрдайым елімізде тыныштық болып, жұртымыз аман болсын!», — деген құттықтау лебізін білдірді.

«Естеріңнен шығармаңдар, қазақ әрқашан батыр да данышпан. Оны елге әрдайым көрсете білу қажет. Біз «жасасын қазақ!» деп ұран жасадық. Ал, қазіргі ұрпақ «оян қазақ» деп ұрандатуы керек», — дескен қарттар соғыс кезіндегі қанды оқиғаларды еске алып, ауыр күнді қалай бастан кешкендерінен сыр шертті.

Жалпы, Түркістанда 4 ардагер, 288 Ұлы Отан соғысы қатысушысына теңестірілгендер, 24 соғыста қаза болған жауынгерлердің жұбайлары және 662 тыл еңбеккерлері бар. Олардың әрбіріне қаржылай сыйақы берілген болатын. Қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен дербес бөлім басшылары да елі үшін жанын берген азаматтарға құрметін білдіріп, жеке құттықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *