"Асар" еріктілер ұйымының құрылғанына бүгін 1 жыл!

«Асар» еріктілер ұйымының құрылғанына бүгін 1 жыл!

3 просмотров

"Асар" еріктілер ұйымының құрылғанына бүгін 1 жыл!

⠀Рашид Абатұлы осыдан тура 1 жыл бұрын жастармен кездесуінде «Еріктілер жылына» орай волонтерлар ұйымын ашуға ұсыныс тастап, жиылған қауымның таңдауымен төрағасын сайлауды айтқан еді. Сол сәтте жастардың қалауымен Төребай Асқарұлы «Асар» еріктілер ұйымының төрағасы және қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.⠀Дегенмен, былтыр «Еріктілер жылында» қала әкімдігі тарапынан өтуі жоспарланған жобалар коронавирус індеті мен елдегі төтенше жағдай және карантин режиміне байланысты кейінге шегерілді. Осы ретте, волонтерлардың елге деген қамқорлығы мен халыққа деген жанашырлығы жоғары болғандығын айтпасқа болмас.⠀200-ге жуық азаматтан тұратын ұйым COVID-19 індеті қала аумағында өрши түскен уақытта 25000 бетперде тігіп, тегін таратты. «ҚазПошта» сынды халық көп шоғырланатын аумақтарда кезек реттілігін және арақашықтықты сақтауға күн-түн қызмет етті. Түркістан қалалық орталық ауруханасындағы емделушілер үшін 3 оттегі аппаратын сыйға тартты. Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттерін беріп, өртенген 3 үйге жәрдем етті. Сондай-ақ, бақылау бекеттерінде қызмет еткен полиция, дәрігер және басқа азаматтарды ыстық тамақпен қамтыды. Мақтааралдағы жағдайда да тұрғындарға көмек көрсетті.⠀Жыл соңында еріктілер еселі еңбегі үшін марапатталып, қалаға сіңірген еңбегі мен қалаға көрсеткен жанашырлығы мен қамқорлығы үшін медальдарға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *