АСЫҚ ОЙНАУ ҰМЫТ ҚАЛЫП БАРА МА? | Aimak.com.kz

АСЫҚ ОЙНАУ ҰМЫТ ҚАЛЫП БАРА МА?

42 просмотров

АСЫҚ
aikyn.kz

Ата-дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Санаға сіңіп, ұлттық намыс оятады. Бірақ соңғы кездері ұмыт болып бара жатқан, ұлттық спортымыздың қатарына жатқызуға болатын асық ойыны туралы айтқым келіп отыр. Десек те, ойынның көп қасиеттері мен ерекшелігін біз бұл күндері ұмытып бара жатқандаймыз.

Асық ойыны — қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, шыдамды болып өседі. Жас баланың жүйке жүйесін дұрыс қалыптастырып, ой-өрісін кеңейтеді, мамандардың айтуынша, көздің көру қабілетін дамытады екен. Өйткені, асықты нысанаға алғанда, қан тамырларының жұмысы жақсарады. Асық ойнау нағыз қажет керемет ойындардың бірі. Асық ойынының бірнеше түрі бар: алшы, хан, хан-уәзір, хан талапай, алты атар, бес асық, төрт асық, шық етер, хат атпақ, сөре, құмар, тасқала, асық тігу, бәйге, омпа, өлді, құмар, қақпақыл, үйірмекіл болып кете береді. Алайда, асықты қала баласы былай тұрсын, ауыл баласының өзі ойнағанын көру қиын. Есесіне, футбол, баскетбол ойнап жатады. Жаһандануда жарық көріп жатқан техниканың небір түрлері халықты мүлдем басқа жаққа бұрып бара жатыр. Көп нәрсені ұмытып бара жатқан себебіміз – осыдан. Бұл – келе жатқан апат. Осындай ойындардың ішіндегі ең көп таралғаны, әрі ең қорқыныштысы — атыс. Неге балалар нысанаға асық емес, адам қойғанды жақсы көреді. Оның бірнеше себебі бар. Ең алдымен, бала сана-сезімінің өсіп жетілуіне үлкен әсер ететін дүниелердің бірі-көгілдір экран, компьютердегі, ұялы телефондағы ғаламтор. Қазіргі кезде еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ұялы телефон ұстайды. Әрбір ұялы телефон ғаламтор желісіне қосылған. Қазақ жұртында «Майл.ру агент», «Instagram», «Whatsapp» секілді ұғымдар пайда болған. Әсіресе, жастар ұялы телефондарын қолдарынан тастамайтын болған. Оның пайдасы мен зиянын ажырату қиын. Кино мен мультфильмдерде адамды атып өлтіретін адам немесе футбол ойыншысы керемет қаһарман, жаужүрек болып суреттеледі. Балалар соған қарап «қаһарман» болуға талпынады. Ал асыққа келсек, бұл ойын оған жат болып тұр. Былайша асық ойнап, барлығын жеңген адам оған қызық емес. Кино мен мультфильмдерде асық ойнап жүрген балаларды сәтті көрсетіп, тартымды ойын жасалса, ұлттық ойынымыз өз деңгейіне көтерілер ме еді?

Зерттеулердің деректеріне қарағанда, қазақтың ұлттық ойын-сауық, дене шынықтыру, ұлттық спорт түрлері бес жүздей екен. Соның ішінде ұрпақ тәрбиесіне тән балалар ойыны өте көп, олар айтарлықтай аса маңызды орынға ие. Тәуелсіз қазақ мемлекетінің осы бағыттағы ғылыми зерттеулері мен ұйымдастырушылары, институттар мен мектептер, спорт орталықтары, тіпті жеке адамдар ерінбей еңбек етіп, үңіле қараса, ұлттық бедері бар талай дүниені тауып, қағып-сілкіп, түлете түрлендірсе, өркениетті заманға лайықтап жарыққа, сахнаға шығара білсе, сан жағынана да әрі түр, сипат, сапа жағынан да ешкімнен кем бола қоймас еді.

А.Рахимжанова,

Түркістан облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың қызметкері.

Aimak.com.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *