Атыраудың Түркістанға тартуы

Атыраудың Түркістанға тартуы

36 просмотров

Атыраудың Түркістанға тартуы

Атырау облысы еліміздегі экономикалық маңызы өте жоғары өңірлердің бірі екені сөзсіз. Бүгінгі таңға дейін мемлекетіміздің әртүрлі қалаларының өркендеп, өсуіне өзіндік үлесін қосып, қолдауын білдіріп келеді. Қасиетті Түркістан қаласына сыйға тартқан «Ұлы Дала Елі» орталығы да шаһардың ең көрікті нысандарының бірі боларына күмән жоқ.

Жуырда ғана ашылу салтанаты өтіп, келушілерді қабылдауға кірісіп кеткен орталық қазақ халқының терең тарихы мен бүгінге дейінгі жетістіктері жинақталған 9 экспозициялық аймаққа бөлінген. Олар: Атқа міну мәдениеті, Металлургия, Түркі әлемі, Ұлы дала жауһарлары, Қазақ хандары, Ұлы Жібек жолы, Елбасы залы мен Ұлы Далалның ұлы есімдері және болашақ залы.

Орталық туристер үшін таптырмас жер болары анық. Кіру ақысы ересектер үшін 500 теңге, студенттерге 250 теңге және оқушыларға 100 теңге болмақ. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін орталықты тамашалау тегін екенін де айта кетейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *