АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

5 просмотров

АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жастардың мәселесі мен олардың болашағы қай заманда болмасын қоғам назарынан тыс қалған емес. Өйткені олардың сапалы білім алуы – өркениетті елдің қатарына қосылуға жасаған нық қадамдарымыздың негізі. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, оларды болдырмау, сондай – ақ, елдің ертеңгі тұтқасын ұстар азаматтарының ой – пікірлерін тыңдау мақсатында Төлеби ауданының прокуроры Даулет Тлемисов Көксәйек ауылдық округінің мәдениет үйінде Төлеби, Қазақстан, Жеңіс, Х.Дулати жалпы орта мектептерінің оқушыларымен кездесті.

Басқосуда қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелер қозғалып, сұрақ – жауап түрінде еркін пікір алмасты. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Сонымен қатар, аудан прокуроры жастарды еліміздегі қолданыстағы заң талаптарымен, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуінің барысымен, салауатты өмір салты мәселелерімен кеңінен таныстырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *