АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

37 просмотров

АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Партияны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясындағы тапсырмасы бойынша бекітілген кестеге сәйкес, Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы партияның аудандық филиалының ғимаратында аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Ұшқын ауылдық округінің тұрғыны С.Арынғазиева көшеге шағал төсеу және суармалы жер алу мәселесін көтерсе, Абай ауылының тұрғыны Б.Бекназаров үй іргелік жер беруді, ал Біртілек ауылдық округінің тұрғыны Ж.Асанов суармалы жеріне салынған құрылысты заң аясында бұзу бойынша сот шешіміне көңілі толмағанын жеткізді.

Қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсініктемелдер беріліп, Ұшқын ауылдық округінің тұрғыны С.Арынғазиеваның өтініші бойынша көшеге шағал төселетін болып шешілді.

А.Есбаев өз кезегінде С.Арынғазиеваға көше тұрғындарын ұйымдастырып, көше бойынан су ағатын арық қазу қажеттігін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *